Зайсан аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбы талқыланды

Зайсан аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен «Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот мамандары, Зайсан ауданының құқық қорғау органдарының және басқа да жергілікті ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шара барысында судья  Ш.О.Оспанова  өз сөзінде Қазақстандағы гендерлік саясат ерлер мен әйелдердің заңды құқықтары мен мүдделеріне қатысты барлық қоғами сфераларды қамтитын ауқымды да кешенді талаптарды қажет ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, «Гендерлік саясаттың» басты бағыттары, атап айтқанда әйелдердің отбасында құқықтары мен міндеттерін тең жүзеге асыруға жағдайлар жасау, отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды.

Қатысушылармен дөңгелек үстелдің тақырыбы талқыланып, сұрақтар қойылып, өзара пікірлерімен бөлісті.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі