Зайсан аудандық сотында 2019 жылдың жарты жылдық қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

Зайсан  аудандық сотында 2019  жылдың жарты жылдық сот жұмысының нәтижелері бойынша  сот төрағасы Н.З.Хасенбаевтың төрағалық етуімен «Достық» газетінің редакторы Н.Халықованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар және сот қызметкерлері  қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы Зайсан аудандық сотының  2019 жылдың жарты жылы бойынша сот әділдігін жүзеге асырудың нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Зайсан  аудандық сотымен 2019 жылдың 6 айы бойынша 41 қылмыстық іс, 316 азаматтық іс, 375 әкімшілік іс қаралды. Татуластыру рәсімімен аяқталған істердің саны көбейді, қылмыстық істер бойынша 15 іс, азаматтық істер бойынша  63 іс, әкімшілік істер бойынша 25 іс татуласу арқылы аяқталған.

Зайсан  аудандық сотында 2019  жылдың  алты айында бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде 46 азаматтық іс  қаралды.

Сонымен қатар, сот төрағасы Н.З.Хасенбаев «Достық»  газеті редакторының сұрақтарына жауап беріп, 2019 жылдың  жұмыс жоспарына сәйкес «брифингтер», «дөңгелек үстелдер» және  «ашық есік» іс-шараларына белсенді қатысып, нәтиже қорытындысын газет арқылы халықтың назарына уақытылы жеткізуін сұрады.

Сонымен қатар, сот төрағасы «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы» пилоттық жобасының басымдықтары туралы айтып өтті.

 

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.