Жағажай және демалыс

Жыл сайын жаз маусымында жергілікті билік өкілдері жағажайлар мен демалыс алаңдарын бақылауға алып, олардың дайындық жұмыстарын тексереді. Қазіргі таңда ауданымызда суға түсуге арналған 1 жағажай бар. Осының бірі Зайсан қаласының  «Заречный» бөлігінде орналасқан «Жеменей» бассейні.

Жаз мезгілінде тұрғындардың көпшілігі осы жағажай алаңдарында тынығады. Сондықтан адамдар тыныстайтын аймақтарға тазалық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ мамандар тынығушылардың өміріне жауапкершілікпен қарағаны жөн. Себебі тілсіз жау айтып келмейді. Кейде аяқ асты қателіктер болып, қайғылы жағдайлар кездеседі.. Қайғылы жағдайлардың дені көбіне тұрғындардың тиісті ережелерді дұрыс орындамауынан болады. Тағы бір айта кететін жайт, жағажайға демалушылардың дені жастар мен жасөспірімдер, балалар. Көп жағдайда бүлдіршіндер қауіпсіздік шаралары, судан сақтану жолдары туралы біле бермейді. Сондықтан да біз оларға барлық  сақтық шараларын үйретуіміз керек.

Жағажайға келіп демалушылар арасында тәртіп бұзушылықтар кездесуі мүмкін. Сол себепті аудандықжергілікті полиция кызметінің  қызметкерлері тұрғындардың демалыс орындарында рейдтер жүргізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын тұрақты бақылауы шарт. Мұнан басқа да аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен мекеме ұжымдары жағажай алаңын бақылап, тұрғындардың жаз маусымында демалыстарын алаңсыз өткізуіне атсалысуы қажет.

  Зайсан қаласы