Төтенше жағдайлар қызметі ескертеді !!!

Суға түсу маусымындағы сақтық шаралары.  Суда сақ  болыңыздар!!!

Биылғы жаздың аптап ыстық мезгілінде халық бос уақыттарын жаппай су жағалауларында өткізуде. Осы уақытта суға түсу кезінде көптеген адамдар суда кауіпсіздік ережелерін сақтамауынан қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады.

Былтырғы жылдың басынан бері облыс көлемінде 28 адам суда қаза болды, оның 1-уі бала және 213 адам құтқарылды.Бұл қайғылы оқиғалардың көбі негізінен суға түсу, балық аулау,өткелдерден өту, қайықпен қыдыру кездерінде қарапайым ғана суда қауіпсіздік талаптарын орындамаудан болып жатады.

Жаз уақытында суға түсетін орындарының жағалауы жайдақ болып келуінің себебі: ол суда балдыр, шырмауықты өсімдіктер, кесек тас, пиала сынықтары болуынан туындайды. Адамдардың қауіпсіздігі үшін әр суға түсушіге 5 м.кв. ал тұйық суларда ол 2-3 есе көбейтілуі қажет. Өзендерде адамдар суға түсетін жердің ағысы 0.5 метрден аспауы тиіс. 12 жасқа дейінгі балалар жағажайға тек ересектермен бірге және олардың қадағалауымен жіберілуі керек. 

  Суға шомылу кезіндегі негізгі ережелер: 

- суға түсуге тиым салынған орындарда суға түспеңіз;

- мас күйде суға шомылуға болмайды;

- ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері: балаларды қадағалаусыз суға шомылуына жол бермеңіздер! 

Суға шомылушыларға кеңес: 

- суға күн ашық, желсіз ауа температурасы 20-25 С –ден, су температурасы     17-19 С-ден жоғары болғанда шомылыңыз;  

- су салқын болған жағдайда өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбеңіз, мұндай жағдайда 10-15 минуттан артық шомылмаңыз;

- суда аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда сасқаламақтаңыз,су бетінде қалуға тырысыңыз және дереу көмек шақырыңыз;

- ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіз, таязды жерге не жағаға қарай шығуға талпыныңыз;

- күнге қыздырылған күйі және тамақ іше сала суға түспеңіз;

- шомылғанда автокөлік камерасын,үрлемелі матрацты қолданбаңыз;

- егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.

Есте САҚТАҢЫЗ !!! 

Суда зардап шегушіге тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей көмек көрсету қажет. 

Суға түсуге тиым салынған жерлерге суға түспеңіздер !!!

Суда сақ болыңыздар!!!

 

Зайсан аудандық ТЖБ ескертеді.