«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу кезінде жіберілетін кемшіліктер» тақырыбына семинар өтті

Зайсан аудандық сотының судьясы Г.С.Нуртазинова Зайсан ауданының полиция бөлімінде полиция және прокуратура қызметкерлерінің қатысуларымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу кезінде жіберілетін кемшіліктер» тақырыбына семинар өткізді.

Семинардың мақсаты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын сақтау болып табылады.

Семинарда жиі орын алатын кемшіліктер аталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу кезінде және сот қаулысын орындау барысында туындайтын сұрақтар талқыланды.

 

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.