Мемлекеттік    қызмет  сапасын жақсарту мақсатында өткізілген семинар

23 шілдеде  «Азаматтарға арналған үкімет  Мемлекеттік корпорациясы»    коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Шығыс Қазақстан облысы бойынша  бойынша  филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Зайсан аудандық  бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында семинар өткізілді.

Семинарды өткізудің мақсаты  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмысын жүргізу.

Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы»    Коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Шығыс Қазақстан облысы бойынша  филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Зайсан аудандық  бөлімінің,  «Азаматтарға арналған үкімет  Мемлекеттік корпорациясы»    Коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Шығыс Қазақстан облысы бойынша  бойынша  филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша» Зайсан аудандық  бөлімінің  мамандары қатысты.

Семинар барысында әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаева жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу бағыттары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттік қызмет көрсету Стандартары мен Регламенті нормаларының сақталуы, тіркеуден бас тарту мен тоқтатудың санын азайту,  сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту туралы айтып өтті.

Семинар соңында мемлекеттік корпорация қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін келелі мәселелер бойынша ой бөлісті.