Азаматтарды қабылдау өткізілді

2 тамызда Зайсан аудандық Әділет басқармасының ғимаратында басқарма басшысы Айгүл Кенжебаева және аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының аға сот орындаушысы Гүлназ Габдуллаеванын қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Іс- шараның масты мақсаты: Әділет министрінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № 1408 бұйрығымен бекітілген, 2017 – 2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы орындау мақсатында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін, халыққа консультациялық және заң көмегін көрсету.
Іс-шара өткізу барысында әділет басқармасының басшысы Айгүл Кенжебаева Елбасы Жолдауының басым бағыттары бойынша мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қабылдауда кеңес алуға 4 жеке тұлға және 1 заңды тұлға өкілі жүгінді. Азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жер қатынастары, алимент өндіру, заңды тұлғаларды тіркеу саласы және басқада мәселелер
бойынша тиісті кеңестер берілді.