Зайсан аудандық сотында «Виртуалды сот жобасы» аясында азаматтық іс бір мезетте "TrueConf" мобильдік қосымшасының көмегімен және бейнеконференц байланысы арқылы қаралды

Зайсан аудандық сотында 30.07.2019 жылы "Виртуалды сот" жобасын іске асыру аясында азаматтық іс қаралды. Талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның жауапкерлер К.К.Ж-дан, А.К.К-тан, Н.К.К-дан, Б.К.К-дан, Ө.К.К-тен,  М.К.О-дан мұра берушінің берешегін өндіру туралы азаматтық ісі бойынша жауапкерлердің сенімді өкілінен сот отырысын мобильді  бейне-конференц байланыс арқылы жүргізу туралы  және талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның сенімді өкілінен сот отырысына бейне-конференц байланыспен қосылу туралы талап-тілектері қанағаттандырылып, онлайн режимінде қаралды.

 «Виртуалды сот» жобасы цифрлық сауаттылықты арттыруға, уақыт пен қаржыны үнемдеуге, сот өндірісі барысында инновациялық технологияларды қолдануды дамытуға және ең бастысы азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға ықпал етеді және азаматтарға басқа облыстарда, тіпті басқа елдерде орналасқан соттарға баруы үшін оларды әбігерге салмай қаражаттары мен уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде азаматтардың үйлерінен шықпай-ақ немесе шет елде жүріп те сот отырыстарына онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік береді.

Істі онлайн-режимінде қарау үшін «TrueConf» бағдарламасы бар смартфонның болуы жеткілікті.

Мобильді бейне конференц байланысы ыңғайлы, қолжетімді, уақытты ұтымды пайдалану, әрі істі жедел қарауда тиімді.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі