Көпшілікпен кездесу

Зайсан аудандық сотының судьясы  Г.С.Нуртазинова 28.08.2019 жылы Зайсан ауданы әкімдігінде мемлекеттік мекемелердің заңгерлері мен кадр қызметкерлерінің қатысуларымен «Еңбек даулары» тақырыбы бойынша аталған санаттағы даулардың санын азайту мақсатында көпшілікпен кездесу өткізді.

Іс шара барысында талқыланған тақырып бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, сауалдарына жауап алды.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі