«Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Туған  жер» жобасы аясында «Баймұрат Бәйімбетұлының туғанына 310 жыл» толуына орай өтетін қазақтың  ұлттық спорт түрлерінен 

Республикалық жарысы 

Ағымдағы жылдың 23 тамызында Зайсан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған  жер» жобасы аясында «Баймұрат Бәйімбетұлының туғанына 310 жыл» толуына орай өтетін қазақтың  ұлттық спорт түрлерінен  Республикалық жарысы болып өтті.

Атап айтқанда, қазақ күресі, аламан бәйге (25 шақырым), топ бәйге (15 шақырым), жорға жарыс және жаппай көкпардан жарыстар өткізілді.

Қазақ күресі түйе палуан, өгіз палуан салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Жарысқа еліміздің түкпір-тікпірінен келген палуандар қатысты. Кілең мықтылар бақ сынасқан додада жеңімпаз атанғандар: 

Түйе палуан

І  орын      Тұрсынов Мұхит  - Семей қаласы
ІІ орын      Абдразақов Руслан  -  Алматы қаласы
ІІІ орын     Виктор Демилянко  - Алматы қаласы
ІІІ орын     Оразбаев Әділ  -  Семей қаласы 

Жеңімпаз палуандар ақшалай сыйлықтармен, атап айтқан да бас жүлде, 1 млн теңгемен, ІІ орын 500 мың теңге, ІІІ орын  300 мың теңгемен марапатталды. 

Өгіз палуан

І  орын      Ахметжанов Әсет   - Семей қаласы
ІІ орын      Дәулетбаев Ғабит  -  Өскемен қаласы
ІІІ орын     Ақылбеков Санжар  - Семей қаласы
ІІІ орын     Төлемісов Амангелді  -  Алматы қаласы 

Жеңімпаз палуандар ақшалай сыйлықтармен, атап айтқан да бас жүлде, 700 мың  теңгемен, ІІ орын 350 мың теңге, ІІІ орын  200 мың теңгемен марапатталды. 

Қазақ күресінен кейін өткен ат жарысының қорытындысы бойынша:

Аламан бәйге

І  орын      Рыбалкин Алексей   - Үржар ауданы
ІІ орын      Жанколиковтар әулеті  -  Алматы қаласы
ІІІ орын     Маликов Арсен  - Көкпекті ауданы
ІV орын     Маханов Бердібек  -  Қызылорда қаласы
V орын      Ақбирлинов Ақылбай – Алматы қаласы

Жарыс жеңімпаздарына, бас жүлдегерге  автокөлік кілтін табыс етілсе, ІІ- V орын иегерлері 1 млн, 700 мың, 300 мың, 150 мың теңге ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.    

Топ бәйге 

І  орын      Жуанышбек Мәди    - Алматы қаласы
ІІ орын      Жанколиковтар әулеті  -  Алматы қаласы
ІІІ орын     Исатаев Махсұт  - Үржар ауданы
ІV орын     Мұратбеков Сафуан  -  Семей қаласы
V орын      Бошаев Айбол – Зайсан қаласы

Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен, атап айтқанда,  1 млн, 500 мың, 300 мың, 150 мың, 100 мың теңге мен марапатталды.

Жорға жарыс

І  орын      Қайранов Талғат   - Зайсан ауданы
ІІ орын      Бакимбаев айдын  -  Зайсан ауданы
ІІІ орын     Базарбай Оразбек   - Зайсан ауданы
ІV орын     Советбеков Қымбат  -  Зайсан ауданы

Жаппай көкпарда салым салған спортшыларда арнайы  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.