Хабарландыру

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті тыңдауы 2019 жылдың 6 қыркүйек күні сағат 10.00-де өткізіледі. Күн тәртібінде:

1. «2019-2021 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы» 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының №34-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

2. «Зайсан ауданының мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдарында  білім алатын  және тәрбиеленетін  көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тегін және жеңілдікпен тамақтандыру түрінде әлеуметтік көмек ұйымдастыру туралы» қаулы жобасын қарау туралы.

Осы мәселелер бойынша шешім жобалары Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған.