Басшының жеке қабылдауы жүргізілді

«Нұр-Отан» партиясының Зайсан аудандық филиалының төрағасымен  бекітілген кестеге сәйкес 9 қыркүйек күні  Зайсан  аудандық әділет басқармасының басшысы азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Іс-шараны  өткізудің мақсаты  әділет органдарының   құзыреті шегінде тұрғындарға  құқықтық  көмек көрсету. 

Іс- шара барысында басқарма басшысы Айгүл Кенжебаева «Әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта баяндама жасап, сонымен қатар,  халықтың әлеуметтік көмекті қажет ететін топтағы азаматтарға құқықтық көмек көрсетіліп,  басқа да қабылдауға  келген азаматтарға жылжымайтын мүлікке құқықтарын ресімдеу, кіші және орта  бизнес субъектілерді тіркеу бойынша құқықтық кеңестер  беріліп,  Қазақстан Дүние жүзілік экономикалық форумдағы  Жаһандық Бәсекеге қабылеттілік рейтингіндегі позицияларды жақсартуы және дамыған отыз елдің қатарына кіруді қамтамассыз ету туралы түсіндірілді.

Өткізілген шара барысында ауданның 4 азаматына  құқықтық көмек көрсетілді.