Хабарландыру

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті тыңдауы 2019 жылдың 4 қазан күні сағат 15.00-де өткізіледі. Күн тәртібінде: 

1. «2019-2021 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттері туралы» 2018 жылғы 28  желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының №34-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

2. «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасын қарау туралы.

3.  «Зайсан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы №23-2 «Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

4. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Зайсан аудандық филиалы директоры Д.Итекбаевтың өтінішін қарау туралы. 

 Осы мәселелер бойынша шешім жобалары Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған.