Республикалық   ЭКОсағат

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту мақсатында 2019 жылғы 3 қазан күні  республикалық экосағат өтетін жоспарлады.  Осыған байланысты, бүгін ауданымыздың   барлық білім беру мекемесінде  ашық  экотәрбие сағаттары өтті. Кездесулерге ауыл әкімдері, аудандық маслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері, ауданымыздың құрметті азаматтары, спортсмендер қатысты. . Оқушылар арасында еріктілер тобы  бірлесіп табиғатқа тазарту жұмыстарына белсенді қатысуға үндеу тастады.  Экосағат барысында оқушыларға «Жасыл Ел» бағдарламасы жайлы және табиғатты аялап сақтауға,  экологиялық ортаны ластамауға, тазалық әрбір азаматтың ең алдымен туған жерінен басталып, табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруге  бағытталған жұмыстарды жиі өткізілуі туралы айтылды.

Шара соңында оқушылар мектеп жанындағы учаскелерде жасыл желектер отырғызу  шараларын  жүргізіп, ағаштар отырғызды.