Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті

2019 жылғы 25 қыркүйекте Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өткізілді. Сессияға депутат М.Бошақов төрағалық етті. Сессияға аудан әкімі С.Қ.Ақтанов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты. Сессияда «2019-2021 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы 33-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Қабидолдина баяндама жасады. Аудандық мәслихат депутаттары аудан бюджетіне жасалынған нақтылауды бекітті. Келесі сессия төрағасы болып депутат О.Шәріпбеков сайланды.