Құрметті тұрғындар!

2019 жылдың 9 қазанында сағ:11:00-де онлайн режимде азаматтарға қабылдау жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков интернет қолданушыларды онлайн режимде қабылдайды.

Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы мобильдік «TrueConf» қосымшасы және бейнеконференцбайланыс арқылы азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарға қабылдау жүргізу іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот төрелігіне қол жеткізу мақсатында өткізіледі.

Аудан тұрғындарына  төраға қабылдауына алдын-ала тіркелу Кондюрин көш. №1 тел.25-408

Сот төрағасы барлық сұрақтарға жауап береді.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.