«TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану арқылы азаматтық іс қаралды

Зайсан  аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасын қолдана отырып, Б-ның арызы бойынша  А-дан несие бойынша қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Процесс «Виртуалды сот» Пилоттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде өтті.

Бұл жоба азаматтық іс бойынша тарапқа сот отырысына смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасының көмегімен қашытықтан қатысуына мүмкіндік береді.

Іс бойынша арызданушы  талапкер Б. Алматы қаласынан келе алмайтын болғандықтан, ұялы телефон көмегімен «TrueConf» қосымшасы арқылы  бұл істі қарау барысында  сотқа қатысу  мүмкіндігіне ие болды.

Бұл жаңашылдық айрықша себептермен сот отырысына қатыса алмайтын, сотқа келе алмайтын азаматтар үшін өте қолайлы.

"Виртуалды" сот процестерін жүргізу аумақтық қашықтықтар кедергі бола алмайды, уақытты және материалдық ресурстарды үнемдейді, сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бұрын сот процесіне жеке тұлғаның өзінің қатысуы талап етілсе, қазір сот жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оны тыңдап, сот мәжілісін қашықтықтан өткізуге құқылы

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі