Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI кодексінің 166-бабының 1-тармағы негізінде, 2019 жылдың 1-желтоқсанына дейін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын кәсіпкерлік мекен-жайы бойынша орнату  міндеттеледі.

Сонымен қатар, салық төлеушілер онлайн бақылау кассалық машиналардаң басқа, баламасы  ретінде, web-нұсқаларының сервисі негізінде онлайн кассалық машиналарды қолдану мүмкін.

NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA мысалы, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.

Оларды  орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады. Чекті қағазға басып шығару үшін жеке принтер сатып алу қажет.

Сондай-ақ, сатып алушыларға чектер мессенджерлерге хабарлама арқылы немесе электрондық поштаға жіберіледі.

Атап айтқандай Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу белгілі бір санаттағы салық төлеушілерді қоспағанда міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргізілетінін естеріңізге саламыз.