Зайсан аудандық сотында фронт-офис ашылды

Зайсан аудандық сотында фронт-офистің ашылу іс-шарасы  өткізілді. Іс-шара «Сот әділдігінің жеті түйінінің «Үлгілі Сот»» бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілді.  

Фронт-офистің ашылу рәсімінде Зайсан аудандық сотының төрағасы Н.З.Хасенбаев, аудан прокуроры Е.С.Зайнолдин, аудандық «Достық» газетінің  редакторы Н.Халықова, аудандық полиция бөлімінің өкілі,  халыққа қызмет көрсету бөлімшесінің өкілі,  кәсіби емес медиаторлар және авокаттар  қатысты. 

Фронт-офисті аша отырып, аудандық сот, халыққа қызмет көрсетудің осы заманғы стандарттарын ескере келе, азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету тәсіліне көшті. Фронт-офис ыңғайлы жиһазбен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, ал өрнектеу элементтерін сот мамандары өз күштерімен жасаған. Мұнда арыздарды рәсімдеу мен сотқа жолдау, өтініштердің қозғалысы мен қаралу барысы, ішкі хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аумағы туралы мәліметтер беру жөніндегі ақпараттық орталықтар жұмыс істейді.

Фронт-офис сот жұмысының жаңа форматы ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ келушілер үшін қолайлы жағдайларды жасауға бағытталған.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі