Зайсан аудандық сотының төрағасы көпшілікпен кездесу өткізді.

Зайсан аудандық сотының төрағасы Н.З.Хасенбаев Зайсан қаласы әкімдігінде қала тұрғындарымен Елбасының Жолдауын түсіндіріп, сот жүйесін жаңғыртып дамыту мәселелерін талқылау мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Н.З.Хасенбаев еліміздің даму мәселелерінің бірі сот жүйесін одан әрі жаңғырту болып табылатынын айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электрондық сервистерді енгізуді жалғастырудың, сот жүйесі кадрларын сапалы дамыту мен жаңартуды қамтамасыз етудің, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы даулар кезінде түсінікті және болжамды сот тәжірибесін, сондай-ақ соттарға заңсыз ықпал ету мүмкіндігін болдырмаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Н.З.Хасенбаев қазіргі заманғы жұмыс форматтары мен озық электрондық сервистерді енгізу азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыру үшін бағытталғанын атап өтті.