Хабарландыру

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті тыңдауы 2019 жылдың 1 қараша күні сағат 15.00-де өткізіледі. Күн тәртібінде:

1. «Зайсан ауданында халыққа әлеуметтік көмек көрсетуде атқарылып жатқан жұмыстары» туралы

2. «Зайсан ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстар» туралы

3. «2019-2021 жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджетті туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы Зайсан аудандық мәслихатының №33-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

4.  Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізбесін қарау туралы.

Осы мәселелер бойынша шешім жобалары Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған.