Күзгі каникулдағы саяхат

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес биылғы күзгі каникул кезінде аудан  мектептерінің оқушылары үшін  Шілікті өңіріндегі  мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бастаған топтарды  мұражай директоры Д.Абикеш қарсы алып, мұражай  тарихымен, ондағы жәдігерлермен таныстырды.Шілікті жазығыныңдағы обалардың көптігін айта келе үлкен обаға апарды. «Алтын адам табылған» Бәйгетоба обасы туралы терең мағлұмат берді. Болашақта осы жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылатын туралы хабардар етті. 300-ге жуық  бала өз жерінің тарихымен танысып,таза ауа аясында тамақтанып, түрлі ойындар ойнап  1 күндік саяхат жасап қайтты.