«AUTUMN  CAMP»  күзгі оқу-жаттығу жиыны Зайсанда

2019 жылдың 28 қазан- 2 қараша аралығында М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының базасында «Айқанат» білім беру қорының және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Айқанат» олимпиадасының жеңімпаздарына арналған күзгі оқу-жаттығу жиыны  өтті. Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Катон-Қарағай, Ұржар, Көкпекті ауданынан жиналған 70-ге жуық  11 –ші сынып оқушыларын «EDU CON» компаниясының жаттықтырушылары ҰБТ-ге дайындады.Ұстаздар арнайы Алматы қаласынан келді.Биылғы оқудың ерекшілігі - оқушыларды таңдау  пәндері  бойынша көбірек дайындады.Таңғы 9-дан басталған оқулар кешкі 18. 00 дейін жалғасты,кешкі астан кейін кураторлық сағаттар, әртүрлі тренингтер , қорытынды тестілеу өткізілді. Басқа ауданнан келген балалар мектеп-интернатының жатақханасында тұрып оқыды. Оқу-жаттығу жиыны қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар ««EDU CON»» компаниясының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Күзгі каникулда осындай өте маңызды шараны өткізген «Айканат» білім беру қорының  басшыларына оқушылармен ата-аналардың алғысы шексіз.