«Отбасылық сот» тақырыбына семинар

Зайсан аудандық сотында «Қазіргі заманғы сот төрелігі жүйесінде Отбасы соты» тақырыбына өткізілген семинарга прокуратура  және құқық қорғау қызметкерлері, адвокаттар, мектеп психологтары қатысты.

Зайсан аудандық сотының судьясы Ш.О.Оспанова қазіргі замандағы сот жүйесіндегі отбасылық соттардың рөлін атап өтті. Бұл соттардың басты мақсаты отбасыны сақтап қалу олардың құқықтарын және балалардың құқықтарын қорғау. Содан соң «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы жайлы айтылды, бұл жобаның негізгі мақсаты отбасыны сақтау, оларға өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету, отбасыны сақтап қалуға мүмкіндік туғызатын татуластыру рәсімін сотқа дейінгі және соттағы сатысында дамыту, отбасылық құндылықтарды және ұлттық дәстүрлерді насихаттау, отбасылық қатынастарды жақсарту, сонымен қатар, отбасылық қатынастардағы шиеліністердің деңгейін төмендету туралы айтылды.

Іс шара барысында қатысушылар өзара пікір бөлісіп, қызықтырған сұрақтарымен алмасты.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі