Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен Х-шы облыстық «Сәулетай» балалар спорттық ойындары жарысының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған 2005-2006 жылдары туған мектеп оқушылары арасында облыстық Х-шы спорттық ойындары Өскемен қаласында 2019 жылдың 31 қазан 03 қараша аралығында өтті. Оған Зайсан ауданынан 38 оқушы күш сынасып қатысты. Жарыс 8 спорт түрінен өткізілді, олар: жеңіл атлетика, гир, қол күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату, арқан тарту. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар: қазақ күресінен – І-ші орынды Елшатұлы Елара (М.Дауленов МИ-ның 8 сынып оқушысы, жетекшісі Р.Уалханов), 3-ші орынды Кисанов Нурбек (М.Дауленов МИ-ның 8 сынып оқушысы, жетекшісі Р.Уалханов), Зайнолдаұлы Абдуалим (М.Дауленов МИ-ның 8 сынып оқушысы, жетекшісі Р.Уалханов) жеңіп алса; гир көтеруден – І-ші орынды Ниязов Арман (М.Ауэзов ОМ-нің 8 сынып оқушысы, жетекшісі К.Кыдырбатчаев), 3-ші орынды Тұрсынов Дінмұхамед (М.Ломоносов ОМ-нің 9 сынып оқушысы, жетекшісі К.Кыдырбатчаев) ұтып алды; жеңіл атлетикадан - 3-ші орынды Бақытбекқызы Камила (М.Дауленов МИ-ның 10 сынып оқушысы, жетекшісі Е.Нуғыманов) жеңіп алды.

Облыс аудандары арасында Зайсан ауданының оқушылар командасы ХІ орынға иеленді. Жекелеген спорт түрлері бойынша: казақша күресінен-8 орынға иеленсе, жеңіл атлетикадан-9 орын, армрестлингтен-9 орын, гир көтеруден-3 орын, шахматтан-5 орын, асық атудан-13 орын, тоғызқұмалақтан-9 орын, арқан тартудан-10 орынға ие болды. Облыстық жарыстарда оқушылар спортының осындай сәтсіздікке ұшырау себептері алдағы 2019-2020 оқу жылы барысында жұмыстары сараланып нәтиже көрсетуге жұмыс жүргізіледі. Алдағы уақытта барлық спорт түрлерінен аудан оқушылары жақсы нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз.

Білім бөлімінің әдіскері Мырзахан Ж.Т.