100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-ші қадамымен...

100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-ші қадамымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшуі көзделген.

Бұл ретте заңнамаға декларанттардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді, жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясы (250.00-ші нысанды декларация) оңтайландырылды, халықтың оқуға, оның ішінде балаларды қоса алғанда, медициналық қызметке ақы төлеуге, банктік несиелері бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстарын шегерімге жатқызуға мүмкіндіктер берілді, қолма-қол ақшаның, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектердің  және декларациядағы басқа да активтердің құнын көрсету шегі ұлғайтылды.

Еgov.kz "Электрондық үкімет" порталында жеке тұлғаның мүлкі туралы мәліметтерді салық декларациясында автоматты түрде толтыру функционалы әзірленді.

Бұдан басқа, азаматтардың декларацияларды ұсынуы үшін «Жалпыға бірдей декларациялау» мобильді клиенттік қосымшасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда, және де,декларацияны электронды түрде ұсынған жағдайда, пайдаланушының авторизациясы СМС-хабарлама арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бірге, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер сипатында бірқатар шешілмеген мәселелер болуына байланысты, соның ішінде уәкілетті органдардың деректер базасының өзекті болмауы және халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен болуы, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев мақұлдаған жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпыға бірдей декларациялауға және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшу мерзімін ұзартуды көздейтін ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылдың03шілдесіндежалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңімен көшуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№262-VI ҚРЗ)Қазақстан Республикасының Заңықабылданды.

Бірінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

жауапты мемлекеттік лауазымдағыадамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан  бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, декларациялауға барынша дайындау мақсатында, жеке тұлғалармен жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңмен көшу көзделгендіктен, алдымен мемлекеттік қызметкелер /жұбайларымен/ ерікті түрде «Электрондық үкімет» egov.kz қызметін пайдалана отырып 250.00-ші нысанын табыстау керек. Декларацияны толтыру бойынша сұрақтар туындаған болса, Зайсан аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына келіп толық мағлұмат алуға болатынын жеткіземіз.