Зайсан аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді

Зайсан аудандық сотының төрағасы Н.З.Хасенбаев Зайсан аудандық мәдениет үйінде соттың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті халықпен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында сот төрағасы «Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою», «Гендерлік саясат», «Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары», «Адам құқығы», «Бизнесті сотпен қорғау» және «Мемлекеттік тіл» тақарыптарында баяндама жасап, тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бұдан әрі баяндамашы сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы, оның ішінде «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі мен «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесінің мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді.
Кездесу соңында сот төрағасы қатысушылардың тақырыптар бойынша қойған сауалдарына жауап беріп, кездесуге келгендері үшін алғысын білдірді.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.