«Саналы түрде ата-ана болуға умтылу»

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала- бақытты ана- бақытты отбасы-  бақытты ел» Жол картасын орындау мақсатында «Саналы түрде ата-ана болуға умтылу» «Осознанное родительство» атты  ата-аналарға арналған курс өткізді.
Курстың мақсаты - ата-аналар мен жеткіншектер топтары, ата-аналарды, балалар мен жеткіншектерді психологиялық қолдау мәселері бойынша тыңдаушылардың  кәсіби құзыреттілігін дамыту.  Курстың міндеттері:
1) балалар мен жеткіншектердің дамуының психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін  жетілдіру;

2) балалармен ата-аналардың  қарым-қатынасының  даму ерекшеліктері, мамандар мен отбасылар арасындағы өзара қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білім деңгейін көтеру;

3) ата-аналардың тәрбиелеу әдістері мен девиантты және аутодиструктивтік (суицидтік) мінез-құлықтың алдын-алу жолдары арасындағы байланысты орнату дағдыларын дамыту;

4) мектеп жүйесіндегі ата-аналар және жеткіншектермен жұмыс істеудің тиімді моделін құру дағдыларын дамыту.
Қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары 3 күндік курсты жиыны 77 ата-анаға өткізді. 2020 жылдың қантар айынан бастап ауыл мектептерінің тжо-ларымен психологтарына оқу  семинарын өткізіп, ауданның барлық мектептерінде аталмыш курстың  өткізілуі жоспарлануда.