Зайсан аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясы өтті

2019 жылғы 27 желтоқсанда Зайсан аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясы өткізілді. Сессияға депутат Ф.Мұхаметқалиев төрағалық етті. Сессияға аудан әкімі, бөлім, мекеме басшылары, қала, ауыл әкімдері қатысты. Сессияда «2020-2022 жылдарға арналған Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ бюджеттерін бекіту туралы» мәселе қаралды. Осы мәселе бойынша Зайсан ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Қабидолдина және қала, ауылдық округ әкімдері баяндап өтті. Аудандық мәслихат депутаттары 2020-2022 жылдарға арналған қала, ауылдық округ бюджеттерін бекітті. Келесі сессия төрағасы болып депутат Б.Тлеужанов сайланды.