Өрттердің алдын алу бойынша бірлескен жұмыс

2020 жылдың 02 қаңтар айында Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы шарасында Зайсан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Зайсан қаласының тұрғын үйлерін аралады. Осы іс-шара кезінде әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге ерекше назар аударылды. Профилактикалық жұмыстарды өткізу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтау, жылыту пештерін, газ құрылғыларын, электр жүйелері және электр құралдарын өрт қауіпсіз жағдайға келтіруге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға соңғы кездегі болған өртке қатысты оқиғалар саны мен салдары жайлы ақпарат берілді. Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу мақсаты тұрғын үйлердегі өрттің алдын-алу және адамдар шығынын болдырмау болып табылады.

Зайсан ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж.Е.Дамбулов