Зайсан аудандық сотында 2019 жылдың  қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

Зайсан  аудандық сотында 2019  жылдың қорытындысы бойынша сот төрағасы Н.З.Хасенбаевтың төрағалық етуімен «Достық» газетінің  тілшісі Айбек Ахыттың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар және сот қызметкерлері  қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы Зайсан аудандық сотының  2019 жылдың қорытындысында сот әділдігін жүзеге асырудың нәтижелері бойынша баяндама жасады.

Зайсан  аудандық сотымен 2019 жылдың 12 айында 103 тұлғаға қатысты 86 қылмыстық іс қаралды, үкім шығарумен 40 іс қаралып, 40 адам  сотталды, 11 адам ақталды. 86 істің 41 ісі медиациялық келісіммен аяқталды, бұл көрсеткіш барлық қаралған істің 47,6%   құрайды. Барлық қылмыстық істер 100 пайыз аудио-, бейнежазба арқылы қаралды.

Қаралған азаматтық іс 603, шешім шығарумен 351 іс, бұйрық шығарумен 83 іс, оңайлатылған тәртіппен  157 іс қаралды, 9 іске жеке ұйғарым  шығарылып, жауаптары уақытында түсті. 138 іс  қысқарды, мұның ішінде медиация 104, партисипативтік  4, талабынан бас тартуға байланысты қысқарғаны 14, бітім-келісіммен қысқарғаны -16,  қараусыз қалдырылғаны 28. Қаралған 603 азаматтық істің  352 ісіне аудио-,  бейне жазба  қолданылды.

Ағымдағы жылы 12 айда 747 әкімшілік іс  қаралды, дыбыс бейне жазба қолданылғаны 100 пайыз, медиация қолданылғаны  45.

Жалпы Зайсан аудандық сотының  сот төрелігін атқарып отырған жұмысы жаман емес, жақсы.

Биылғы жылы бітімгершілікпен, медиациямен өндірістен тоқтатылған істердің саны артқан, партисипативтік істердің де саны артқан.

Зайсан аудандық сотында қаралатын медиациялық, партисипативтік, бітімгершілікпен тоқтатуды жандандыру  мақсатында  Зайсан  қалалық әкімшілігінен «Татуластыру  орталығы» ашылды, әрбір жергілікті ауылдық әкімдіктерді  «медиация» кабинеттері  жұмыс істеп тұр. Медиация кабинеттерінде  азаматтық дау бойынша  бес азаматқа қатысты дау өз шешімін тауып, азамттар бітімге келген. Ауданымызда «Билер соты»  құрылды. Билер сотымен 1 азаматтық іс қысқартылды.

Сонымен қатар, сот төрағасы Н.З.Хасенбаев «Достық»  газеті тілшісінің сұрақтарына жауап беріп, 2020 жылдың  жұмыс жоспарына сәйкес «брифингтер», «дөңгелек үстелдер» және  «ашық есік» іс-шараларына белсенді қатысып, нәтиже қорытындысын газет арқылы халықтың назарына уақытылы жеткізуін сұрады.

Сонымен қатар, сот төрағасы «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы» пилоттық жобасының басымдықтары туралы айтып өтті.

Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі.