Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған 2005-2006, 2007 ж. т. мектеп оқушылары арасында шахматтан, дойбыдан аудан біріншілігі

Үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні Гагарин атындағы орта мектебінде  2005-2006, 2007 жылдары туған мектеп оқушылары арасында шахматтан, дойбыдан аудан біріншілігі болып өтті. Жарысқа барлығы 50 жуық мектеп оқушылары қатысты. 

Тартысты өткен жарыстың нәтижесі бойынша:

Шахматтан қыздар арасында  жүлделі І орынды Сұңғатқызы Медина, ІІ орынды Болатбекова Аружан, ІІІ орынды Колесникова Елена иеленді. Ал ұлдар арасында І орынды Амангелді Айбын, ІІ оынды Түсіпбеков Алихан, ІІІ орынды Нұрланов Ілияс иеленді.

Дойбы жарысының қорытындысы бойынша: ұлдар арасында І орынды Амангельдин Айбын, ІІ орынды Гміңбек Есхат, ІІІ орынды Азат Оңғар иеленсе, қыздар арасында жүлделі І орынды Абдуғалиева Лаура, ІІ орынды Жұмабек Динара, ІІІ орынды Серікқызы Шолпан иеленді.

 Жарыс жеңімпаздары Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамаларымен  және медальдарымен марапатталды.

 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі