«SKILLS FOR GEEKS» және «ROBOTTIME» чемпионатының өткізілуі туралы 

4 ақпан күні Зайсан ауданында оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» және «ROBOTTIME» чемпионатының аудандық кезеңі өткізілді. Чемпионатқа Робототехника және ІТ-сыныптары ашылған 10 толық жинақты мектептерден 20 команда қатысты.

Бағдарламалау бағыты: 10+ жасерекшелігі тобы бойынша барлығы 20 оқушы, 14+ жасерекшелігі бойынша 20 оқушы, барлығы 40 оқушы қатысты;

Ардуино бағыты: 14+ жасерекшелігі бойынша 20 қатысты;

3D модельдеу бағыты:  10+ жасерекшелігі тобы бойынша барлығы 20 оқушы, 14+ жасерекшелігі бойынша 20 оқушы, барлығы 40 оқушы қатысты;

Робототехника бағыты: 10+ жасерекшелігі тобы бойынша барлығы 30 оқушы, 14+ жасерекшелігі бойынша 30 оқушы, барлығы 60 оқушы қатысты. 

Командалар 10+ және 14+ жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсті. Чемпионатты аудан әкімі Серік Қасымбекұлы Ақтанов ашып, облыстық білім басқармасынан Руслан Владимирович Маликов құттықтау сөз сөйледі.

Чемпионатқа БАҚ өкілдері, ардагерлер, шығармашылық орталық қызметкерлері, ата-аналар комитеті, Жастар ұйымы, мектеп директорлары шақырылып, арнайы ұйымдастырылған ІТ және  робототехника көрмесін қызықтады.

ІТ-фестиваль көрмесіне барлығы 25 мектеп қатысты. МЕЙКЕРЛІК бағыты бойынша барлығы  47 жоба, START-UP бағыты бойынша 2 жоба, ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР бағыты бойынша 10 жоба, JUNIOR SKILLS бағыты бойынша 11 жоба ұсынылды. Барлық жоба саны – 70.

Облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:

Робототехника бағыты 10+ жасерекшілік бойынша:

Сызық бойымен жарыс - Серік Нұртай, Шілікті орта мектебі

Робосумо - Нұрбеков Мәди, Қаратал орта мектебі

Кегерлинг - Акрамханов Музарт, М.Әуезов атындағы орта мектебі

Робототехника бағыты 14+ жасерекшілік бойынша:

Танк биатлоны - Сармантаев Ануар, М. Әуезов атындағы орта мектебі
Адымдаушы роботтар робосумосы - Ниязбеков Диас, М.Ломоносов атындағы орта мектебі
Кегерлинг квадро - Бейсембекұлы Бекарыс, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі
3D модельдеу 10+ жасерекшілік бойынша: Рахметолда Ақмарал, Қуанған Аяулым, М.Ломоносов атындағы орта мектебі
3D модельдеу 14+ жасерекшілік бойынша: Жанарбек Дәурен, Ғумаров Ілияс, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты
Бағдарламалау 10+ жасерекшілік бойынша: Бекбақыт Баян, Түркістанова Шұғыла, Айнабұлақ орта мектебі
Бағдарламалау 14+ жасерекшілік бойынша: Мәмиев Нұрәлі, Байжигитов Дамир, М.Әуезов атындағы орта мектебі
Бағдарламалау 14+ жасерекшілік бойынша: Түркістанов Нұрәлі, Сләмбеков Естай, Айнабұлақ орта мектебі