Хабарландыру

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті тыңдауы 2020 жылдың 7 ақпан күні сағат 11.00-де өткізіледі.

Күн тәртібінде: 

      1. «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасын қарау туралы.

      2. «Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулы жобасын қарау туралы.

      3. «Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №30-3

«Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

     4.  Зайсан аудандық мәслихатының  2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 «Тұрғын үй көмегін  көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу  туралы» шешім жобасын қарау туралы.

      5. «Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №48-1 «2020-2022  жылдарға арналған Зайсан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасын қарау туралы.

 

 Осы мәселелер бойынша шешім жобалары Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған.