Ашық үкімет

«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады. «Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және халық алдында есеп беруге міндетті  мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.
Ашық үкімет мынадай компоненттерден тұрады: ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, сондай-ақ ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. 

«Ашық деректер» порталы

«Ашық деректер» порталы – сервистерді және олардың негізінде қосымшаларды құру мүмкіндігі үшін мемлекеттік органдардың жалпыға бірдей қолжетімді деректерін деректерін машинамен оқылатын түрде орналастыру. 
Порталда ашық деректер жинағы жарияланған. Бұдан басқа, порталда ол арқылы деректерге сұрау салулар арқылы жүгінуге болатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі (API) қолжетімді.    
Ашық деректер негізінде деректер санын  ұлғайту, сондай-ақ конкурстар және хакатондар сияқты іс-шараларды өткізу  арқасында, жүктеп алу үшін мобильді қосымшалар мен сервистер әзірленген және орналастырылған.   

«Ашық НҚА» порталы

«Ашық НҚА» порталы - бұл әзірленетін заңжобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын және рұқсат беру құжаттарын талқылауға арналған бірыңғай алаң. Әрбір азамат өз пікірін айта алады және НҚА әзірлеуге қатыса алады. Ашық НҚА-лар әрбір азаматтың заңжобасымен ол мемлекеттік органға және жоғары тұрған орындарға келісуге жіберілгенге дейін танысуына  мүмкіндік береді.  
Порталда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес тек мемлекеттік қызметтер стандарттарын жариялы талқылау жүргізілуімен бірге, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңды қабылдаумен барлық нормативтік құқықтық актілер мен заңжобалары тұжырымдамаларының жобаларын талқылау да қолжетімді болды. 

«Ашық диалог» порталы

«Ашық диалог» порталы – бұл мемлекеттік органдар мен  қоғам арасындағы тиімді кері байланысты орнатуға арналған алаң.
Порталдың мақсаты азаматтарға порталдың құралдары арқылы үкіметпен өзара  әрекеттесі мүмкіндігін беру.
Осы компонент:
-  МО басшыларының блог – платформасын;
-  ЖАО-мен интернет - конференцияны;
-  «Сауалнамалар» жүйесін;
-  «Ұялы желі сапасын халықтық бақылау» жүйесін қамтиды.
Мемлекеттік органдар басшыларының  блог-плаформасында өтініштерді беру және қарау тәртібі заңда жазылған. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 11 бабының 5 тармағына сәйкес блог-платформаға сұрау салулар жазбаша сұранымға теңестіріледі. ЭҮП-та есептік жазба болған жағдайда, сұрау салу қол қоюды және оған абоненттік нөмірді қосуды талап етпейді. 
Сондай-ақ, компонентке 2008 жылдан бері «электрондық үкіметтің» веб-порталында жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың мүшелерінің қатысуымен интернет конференциялар кіреді. 
“Сауалнамалар” жүйесі  Ашық диалогтың басқа компонентттеріне қарағанда жаңа сервис болып табылады. Жүйе сауалнамаларды құруға, сауалнамаларды «электрондық үкіметтің» және «мобильді үкіметтің» қолжетімді арналарында жариялауға, сауалнамалардың нәтижелерін сақтауға және оларды клиенттерге беруге арналған. Жүйе SMS-хабарламалары, мобильдік қосымшаны, Жеке кабинет,  «Ашық диалог» порталы, сондай-ақ әлеуметтік ресурс  арқылы   сауалнамалардан өтуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ, «Ұялы желі сапасын халықтық бақылау» сервисі қолжетімді, ол азаматтарға ұялы байланыс жұмысындағы әртүрлі іркілістер және мобильдік интернетпен байланысты проблемалар туралы пікірлерін ҚР  ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне және  «МТҚ» РМК-ға тура жолдауына мүмкіндік береді.  

Ашық диалог азаматтарға мынадай мүмкіндіктер береді:

«Ашық бюджеттер» порталы

«Ашық бюджеттер» порталы -   портал азаматтардың  мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы түсінігін жеңілдетуге және бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға мүмкіндік туғызады   
«Ақпаратқа қол жеткізу» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге жария талқылау жүргізіледі,  сондай-ақ, бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері  орналастырылады.  

«МО тиімділігін бағалау» порталы

«МО тиімділігін бағалау» порталы – азаматтарға:

Парақтар өзгертілді: 10-11-2017