Аудан бөлімдері

«Зайсан аудандық білім бөлімі» ММ

Калибаев Нурлыбек АйтмукашевичБасшысы - Калибаев Нурлыбек Айтмукашевич - 08.01.1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығын тәмамдаған. 1990 - 1992ж. Совет Армиясы қатарында борышын өтеді. 1992 – 1995 жж. «Сауыр» ұжымдық шаруашылығының жұмысшысы, 1995 - 2000 жылдары «Байрақ», «Дулат» шаруа қожылығының бригадирі болып жұмыс істеген. 2000-2001 жылдар аралығында Зайсан ауданы, Подхоз ауылындағы Октябрь шағын жинақталған орталау мектебінде психолог қызметін атқарды, 2001-2005 жылдары аталған мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, 2005-2010 жылдары Жамбыл ауылындағы Жамбыл атындағы орталау мектебінің директоры, 2010-2012 жылдары Зайсан қаласының М.Дауленов атындағы орта мектбінің директоры, 31.08.2012 - 25.08.2014 жылдар аралығында Зайсан қаласындағы «Зайсан мектеп-интернаты» КММ-нің директоры қызметін атқарды, 26.08.2014 жылдан бастап Зайсан аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді к., 100
Тел.: (8-723-40) 21-788
Қабылдау бөлмесі: (8-723-40) 25-209
Факс: 8-723-40-26-801
Электронды адрес: z.zaisan_obrazovanie@akimvko.gov.kz 
Азаматтарды қабылдау: сәрсенбі, бейсенбі күндері сағат 10:00-12:00

Қызметтік міндеттері: 

  • "Қазақстан-2030" аясында ҚР "Білім туралы"-Заңын жүзеге асыру.
  • Білім беру саласының ұйымдастырушылық ролін арттыру, мекемелерді лицензиялаудың жоспарлы жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету.
  • Қоғамдық ортамен, жергілікті атқару ұйымдары (органдары) және басқа да құрылымдармен байланысты нығайтуды жалғастыру.
  • Түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету.
  • Білім кеңесінің шығармашылық еңбегіне бақылау мен басшылық жасау.

Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері: 

  • Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде өмірге даярлаудың сапасын арттыру. Мектептерде алғашқы кәсіптік білім беруді дамыту. Мектеп оқушылары арасында салауаттылықты тұрақты қалыптастыру. Білім сапасын арттыру мен тәрбиелілік дәрежесін дамыту.
  • Білім беруді дамыту бағдарламаларын меңгерту үшін жағдайлар жасау.
  • Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.
  • Азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу.
  • Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін, басқаруды демократияландыру.
  • Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру және оларды екінші мамандыққа қайта даярлауды ұйымдастыру.
  • Мемлекеттік мекеме білім бөлімі мектептердегі, мектепке дейінгі, мектептен тыс мекемелердің сыныптардың /топтардың/ санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес толықтырылуын бақылайды, ұйымдастырады.
  • Мектептердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және бақылайды.
  • Мемлекеттік мекеме аудандық білім бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдарын орта білім беретін мектептер туралы типтік ережелерді барлық деңгейдегі білім жүйесін басқару органдарының шешімдері мен нормативтік құжаттарды,
  • Мемлекеттік мекеме аудандық білім бөлімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мекемелерінің құрылтайшысы болады.
  • Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады.
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады.
  • Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп отырады. Білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілер арасында салауаттылықты насихаттайды және ұйымдастырады.
  • Педагог қызметкерлерді аттестаттауды өткізеді және оларға біліктілік санаттарын белгілейді.
  • Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие және мектептен тыс мекемелер мен /ұйымдармен/ бастауыш, орталау, орта мектеп басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады.
  • Кәісіптік-техникалық мектептерде, кәсіптік лицейлер мен колледждерде жұмысшылар мен мамандар даярлауға конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырмасын орындайды.
  • Мектепке дейінгі, жалпы орта,мектептен тыс, кәсіптік бастауыш білім беру мәселелері бойынша жоғарғы тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады.
  • Өз құзіреті негізінде білім беру мекемелерін 5 жылда бір рет, өндіріске қажетті деп табылғанда мезгілден тыс аттестациялауды өткізеді.

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018