Аудан бөлімдері

"Зайсан ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ

Рахимбаев Зайнолда РысбекұлыБасшысы – Рахимбаев Зайнолда Рысбекұлы

1957 жылы 18 қарашада  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Саржыра ауылында туған.
Білімі жоғары.
Ұлты қазақ.
1993 жылы  Өскемен педагогикалық институтын бітіріп, дене тәрбиесі/дене шынықтыру мұғалімінің мамандығын алды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелдин к., 100
Тел.: (8-723-40) 26-802
Электронды адрес: zsn_sport@akimvko.gov.kz 

Еңбек жолы:

02.09.1980 04.11.1980Ұлан ауданы Никитинка ауылындағы БЖСМ-нің жаттықтырушы – мұғалімі. ШҚО  Ұлан ауданы Никитинка ауылы

04.11.198024.08.1982Совет армиясы қатарында24.08.198201.09.1983Мичурин мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. ШҚО Зайсан ауданы Кеңсай ауылы

01.09.198301.11.1984Киров атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі. ШҚО Зайсан ауданы Қаратал  ауылы

01.11.198424.06.1987«Қайрат» ЕСБ-нің төрағасы. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

24.06.198728.02.1991ХХІҮ Партсьезд атындағы совхозының спорт жөніндегі методист-инструкторы. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

01.03.199105.08.1992«Қайрат» Облыстық кеңесігің БЖСМ-нің жаттықтырушы-мұғалімі.  ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

05.08.199210.02.1995Зайсан аудандық тұтынушылар одағының қойма меңгерушісі. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

21.02.19952.10.1995Зайсан аудандық тұтынушылар одағының заготовителі. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

14.10.199528.08.2000СПТУ-23 жұмысшы. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

27.09.200027.02.2014Ломоносов атындағы орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

27.02.201417.07.2014Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының м.а. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

17.07.2014 02.03.2015Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

02.03.201530.12.2016Зайсан ауданың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі ШҚО Зайсан қаласы

04.01.2017 жылдан Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласы

Қызметтік міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.Бөлімдегі мамандар мен қызметкерлердің міндеті мен өкілеттілігін анықтайды, міндеттерін тиісінше орындауын қадағалайды. Бөлім қызметкерлерігің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Арыз, шағым,өтініштермен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің спортты дамыту жөніндегі саясатын ауданда жүзеге асырады. Аудан көлемінде спорттық шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді. Ауданның спорт саласын дамытады. Штат кестесін және бөлімнің бюджетін бекітеді;штаттан тыс қызметкерлерге келісім-шарт жасайды; Мемлекеттік қызмет және жағдай туралы бөлімнің заңы негізінде бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және жұмыстан босатады, міндеттерін тағайындайды.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен бағыт бағдарламасы:

  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын  жүзеге асыра отырып, бағдарламаларын меңгеру, дене шынықтыру, спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
  • Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты берік негіздерін қалыптастыру,
    азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мелекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.
  • Спорттық атақтар мен разрядтарды, жаттықтырушы, төрешілер санаттарын, дене шынықтыру мен спорт қызметкрлеріне санаттар береді.
  • Спорт мектептеріне басшылық жасайды, жұмысын үйлестіреді.
  • Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарында спорттық жаттығу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік дене шынықтыру және спорт бағдарламаларының орындалуына, салауаттылықты насихаттап, дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарының талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп отырады.
  • Мектепке дейінгі жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру мәселелері бойынша, дене шынықтыру және спорт туралы жоғарғы тұрған органдарға статистикалық есеп береді.
  • Республикалық, облыстық жарыстарға дайындалу мақсатында жекелеген спортшылар мен команда мүшелеріне белгіленген күндерге дайындық /сбор/ ұйымдастырады, жарыстарға қатысады.
  • Оқушылар, жастар, жергілікті тұрғындар арасында олимпиада, спартакиада спорт түрлері бойынша әр түрлі деңгейдегі жарсытар өткізеді.
Парақтар өзгертілді: 22-02-2018