Аудан бөлімдері

«Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Дуйсенбаева Зумрад ДуйсенбайкызыБасшысы – Дүйсенбаева Зумрад Дүйсенбайқызы

1964 жылдың 13 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Сартерек ауылында дүниеге келген.1971–1981 жылдары Сартерек орта мектебін бітірген.1981–1987 жылдары Жамбыл қаласы, Жамбыл жеңіл тамақ және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-химик-технолог», 2003–2005 жылдары Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Заңгер», 2005–2007 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» менеджері мамандықтары бойынша бітірген.1987–1992 жылдары ШҚО, Зайсан аудандық атқару комитетінің хатшысы, қосымша аудандық атқару комитетінің атқарылып жатқан күнделікті жұмыстарын, сессия тезистерін радиодан беруші дикторы, ауданаралық көліктерді бағалау комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарды.1992–2007 жылдар аралығында ШҚО, Зайсан аудандық орталық аурухананың кадр бөлімінің бастығы, қосымша 2005–2007 жылдары осы мекемеде заңгер-кеңесші, аудармашы қызметтерін атқарған. 1995–1999 жылдары ШҚО, Шығыс Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясының мүшесі болды. 2007 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында IV шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды, IV шақырылған аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрайымы болып тағайындалды.2011 жылдың 25-ші тамызынан бастап ШҚО, Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді к., 54
Тел.: (8-723-40) 21-407
Тел.: (8-723-40) 21-407
Электронды адрес: sayasatzsn@rambler.ru

Қызметтік міндеттері:

  • Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды және бөлімге жүктелген шараларды атқаруға міндетті.
  • Өзінің құзыры мөлшерінде бұйрықтар шығарады, оның орындалуына бақылау жасайды.
  • Бөлімнің бюджетін жоспарлайды, қаржыны сметалық құжат негізінде жоспарлы іске асырады.
  • Бөлімнің айлық, тоқсандық, жылдық кешенді жоспарларының орындалуына бақылау жасайды
  • Сметалық құжаттарды қарайды, негізгі мүлік пен ақша айналымының тәртібін тексереді.
  • Бөлімге түскен құжаттардың, хаттардың, арыздардың өтініштердің дер кезінде орындалуына және жауап беруіне бақылау жүргізеді.
  • Облыс әкімінің тиісті бөлімдері мен жергілікті жердегі мемлекеттік және атқарушы органдармен ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді және талаптарға сай жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Бөлім күнін өткізуді ұйымдастырады.
  • Бөлім мамандарын облыстық мемлекеттік қызмет жөніндегі агентствосының келісімімен және конкурс негізінде жұмысқа қабылдауға және босатуға құқылы.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен бағыт бағдарламасы:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қаулыларын, басқа да заңдылық актілерін, облыс, аудан әкімдерінің Шешімдері мен Жарлықтарының, облыстық ішкі саясат департаментінің, бөлімге қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың орындалуына бақылау жасауын қамтамасыз етеді.
  • Басқарушы адамдарға жағдайдың мән-жайын хабарлайды, керекті жағдайда әкім алқасының мәжілісіне, аппараттық кеңесіне мәселелер енгізеді.
  • Аудан әкімінің осы салаға қатысты Шешім, Өкім, Қаулыларын дайындайды.
  • Бөлімге түскен арыз-шағымдармен жұмыс.
  • Ішкі саясат департаментіне аудан бойынша мониторинг, сараптама жасап, мәліметтерді уақытында, кесте негізінде, беріп отыру.
  • Ішкі саясат саласындағы сараптамалық материалдарды дайындап, аудан әкіміне беріп отыру.
  • Аудан әкімінің жұмыс кестесін құруға қатысу.
  • Бөлімге қатысты бюджетік бағдарламалардың жүзеге асырылуын басшылық жасау.
  • Ішкі саясат саласына қатысты жұмыстар атқару:
  • Маңызды оқиғалардың өткізілуіне сәйкес, мемлекеттік атқарушы органдарға ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында медиа-жоспарларын әзірлеу.
  • Аудан әкімінің орынбасарларының келісімімен алаңдатушылық туғызып отырған мекемелер мен ұжымдарға тексеру жүргізеді.
  • Әр түрлі саяси партиялармен, ұлттық қозғалыстармен, қоғамдық ұйымдармен, діни конфессиялармен байланысып, ұлттық қақтығыстардың себебін дер кезінде анықтап, ұлтаралық қатынасты, халықтар достығы мен бірлігін нығайту барысында жұмыстар ұйымдастырып жүргізеді.
  • Мемлекеттік органдар жұмысының ақпараттық-насихаттық жүйесін жетілдіру, нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету. Жергілікті басқару органдарының ақпараттық-насихаттық жұмысын, ақпарат-хабардар топтарының «Қазақстан – 2030» Стратегиясын, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндірме жұмыстарына бағыттау.
  • Мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірибелік іс-шаралар кешенін әрі қарай жүзеге асыру.
  • БАҚ-тармен жұмыс және олардың заңдылықтарды сақтау мен лицензия талаптарын орындауына мониторинг жүргізу.
  • Аймақтық БАҚ-пен ақпараттық саясатты өткізу туралы мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруды ұйымдастыру.
  • Ауданның ішкі саяси – рухани жағдайын, қоғамдық пікірлерді зерттейді. Оған баға беріп болжап отырады.
  • Аудандағы қоғамдық процестерді демократияландыруға бағытталған аймақтық ғылыми-практикалық шараларды дайындап өткізу.
  • Ақпарат – насихаттық жұмыстарға байланысты оқу, семинар-тренингтер өткізу.
  • Аудандағы МЕҮ-ға әдістемелік, тәрбиелік – ұйымдастыру, консультациялық ақпараттық жұмыстарына көмек көрсету.

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018