Аудан бөлімдері

Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ

Дуйсенбаева Зумрад ДуйсенбайкызыБасшысы – Сиырбаев Серікбол Кунапиянович

1960 жылы 7 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қуаныш ауылында туған. Білімі жоғары.Ұлты қазақ. 1981 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтын бітіріп, сурет, сызу пәнінің мұғалімінің мамандығын алды.
Еңбек жолы:
07.1976 - ШҚО, Зайсан ауданы, Кендірлік совхозында көмекші шопан.
08.1977 ж.  - Абай атындығы Қазақ педагогикалық институтының  студенті.
08.1981ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылындағы Гоголь атындағы орта мектебінде сурет, сызу пәнінің мұғалімі.
10.1982 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылындағы Амангелді  атындағы орта мектебінде сурет, сызу, еңбек  пәнінің мұғалімі.
08.1990 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылында Амангелді атындағы орта мектебінің мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
08.1992 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Біржан ауылында Амангелді атындағы орта мектебінің мектеп директоры.
01.2002 ж. - ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласындағы көпсалалы көркем өнер мектебінде директор.
03.2009 ж. – ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан аудан әкімінің көмекшісі.
6.06.2009 ж. - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Шаймардан к., 14
Тел.: (8-723-40) 26-774
Электронды адрес: zsn_kultura@akimvko.gov.kz 

Қызметтік міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
  • Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.
  • Бөлімдегі мамандар мен қызметкерлердің міндеті мен өкілеттілігін анықтайды, міндеттерін тиісінше орындауын қадағалайды. Бөлім қызметкерлерігің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Арыз, шағым,өтініштермен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі саясатын ауданда жүзеге асырады. Ауданда «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізеді.
  • Аудан көлемінде мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді. Ауданның мәдениет саласын дамытады. Ауданда іс-құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылайды. Аудан мекемелерінде мемлекеттік тілге оқытатын курстар ашуды ұйымдастырады.
  • Штат кестесін және бөлімнің бюджетін бекітеді;
  • штаттан тыс қызметкерлерге келісім-шарт жасайды;
  • Мемлекеттік қызмет және жағдай туралы бөлімнің заңы негізінде бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және жұмыстан босатады, міндеттерін тағайындайды.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен бағыт бағдарламасы:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қаулыларын, басқа да заңдылық актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен Жарлықтарының, облыстық мәдениет басқармасының, бөлімге қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен шаралардың орындалуына бақылау жасауын қамтамасыз етеді.
  • Басқарушы адамдарға жағдайдың мән-жайын хабарлайды, керекті жағдайда әкім алқасының мәжілісіне, аппаратттық кеңесіне мәселелер енгізеді.
  • Аудан әкімінің осы салаға қатысты Шешім, Өкім, Қаулыларын дайындайды.
  • Бөлімге түскен арыз-шағымдармен жұмыс.
  • Аудан әкімінің жұмыс кестесін құруға қатысу
  • Бөлімге қатысты бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын басшылық жасау.
  • Мәдениет саласына қатысты жұмыстар атқару.
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалау.
  • Аудан көлемінде көпшілік мәдени шараларды бүгінгі күн талабына сай ұймдастырып өткізу.
  • Мәдени-ағарту мекемелерінің рухани байлығын кеңінен қолданып тұрғындар арасында моральдік, эстетикалық тәрбиені жетілдіру және сақтау.
  • Мәдениет мекемелерінің өнердегі эстетикалық тәрбие рөлін арттыру, мәдени жағынан халыққа қызмет етуді жетілдіру және тарту.
  • Ведомстволық бағыныштылығына қарамастан клубтар, мұражай, кітапханалар жұмысын үйлестіру, бақылау жасау және методикалық көмек беру.
  • Аудан көлемінде мәдени үйірмелер, студиялар т.с.с өнер ошақ түрлерін ашуға ықпал жасау.
  • Театр, музыка, мұражай, кітапхана, халық творчествасын, көркемөнерпаздар өнерін дамыту. Жеке өнерпаздардың және көркемөнерпаздар коллективтерінің гастрольге шығуына ықпал ету.
  • Мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтау мен бақылауды мемлекеттік тұрғыдан басқару.
  • Мәдени мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржыландыру шараларын ұйымдастыру.
  • Жастардың саясатын жүзеге асыру мақсатында бағдарлама жасап, соның барысында шаралар ұйымдастыру.
  • Тілдерді дамыту аясындағы шараларды атқару.
  • «Тіл туралы» ҚР Заңның жүзеге асуын қамтамасыз ету.
  • Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында шаралар ұйымдастыру.
  • Тілдерді дамытудың өзекті мәселелеріне арналған конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер т.б өткізу.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын  жүзеге асыра отырып, бағдарламаларын меңгеру, дене шынықтыру, спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
  • Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты берік негіздерін қалыптастыру,
    азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мелекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.
  • Спорттық атақтар мен разрядтарды, жаттықтырушы, төрешілер санаттарын, дене шынықтыру мен спорт қызметкрлеріне санаттар береді.
  • Спорт мектептеріне басшылық жасайды, жұмысын үйлестіреді.
  • Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жергілікті бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарында спорттық жаттығу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік дене шынықтыру және спорт бағдарламаларының орындалуына, салауаттылықты насихаттап, дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарының талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп отырады.
  • Мектепке дейінгі жалпы орта, кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру мәселелері бойынша, дене шынықтыру және спорт туралы жоғарғы тұрған органдарға статистикалық есеп береді.
  • Республикалық, облыстық жарыстарға дайындалу мақсатында жекелеген спортшылар мен команда мүшелеріне белгіленген күндерге дайындық /сбор/ ұйымдастырады, жарыстарға қатысады.
  • Оқушылар, жастар, жергілікті тұрғындар арасында олимпиада, спартакиада спорт түрлері бойынша әр түрлі деңгейдегі жарсытар өткізеді.

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018