Аудан бөлімдері

«Зайсан аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

Дуйсенбаева Зумрад ДуйсенбайкызыБасшысы – Қабидолдина Нұрғайни Нұрлыбекқызы

1969 жылы 11 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы, Мыңбұлақ совхозында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы  Алматы халықшаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Зайсан аудандық қаржы бөлімінде  экономист болып бастады. 2008 жылдан аудан әкімі аппаратында бас маман, 2009 жылдан аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде бас маман, 2010 жылдан сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам өтілі бар. Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеуде.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді к., 54
Тел.: (8-723-40) 21-987
Факс: 8-723-40-26-901
Электронды адрес: n.kabidoldina@akimvko.gov.kz 
Азаматтарды қабылдау: сейсенбі сағат 09:00-18:00 дейін

Қызметтік міндеттері:

  • Бөлімнің қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасау.
  • Бөлімнің барлық жұмыстарын заңдылықтарға сәйкес ұйымдастырып басшылық жасау.
  • ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын жасау.
  • Аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру.
  • Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
  • Коммуналдық мүлікті басқару мен талдауды жүзеге асыру.
  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтау және жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасының консепциясын жасауды қамтамасыз ету.
  • Бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады,  бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.

Бөлімнің жұмысы:

  • Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру.
  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтау және жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму перспективасының консепциясын жасауды қамтамасыз ету.
  • Ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық, білім, әлеуметтік қаму, мәдениет, спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жасау.
  • Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
  • Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөнінідегі орталық және уәкілетті органдар жүзеге асырады.
  • Аудандық коммуналдық мүлікті басқару.
  • Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын сараптап, даму бағдарламаларын дайындауды үйлестіреді.
  • Рейтингтік бағалау жүйесін жүргізу бойынша материалдар дайындайды, оларды аудан Әкіміне және аудандық комиссияға ұсынады.
  • Мемлекеттік тиімді саясат негізінде,  жергілікті деңгейде мемлекет функциясын қамтамасыз етеді қаржылық басқарады.
  • Жергілікті атқарушы органдардың бірігіп жұмыс істеуі және құрлымдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды.
  • Бөлімнің біліктілігіне кіретін бағыттамалар бойынша аймақтақ бағдарламалар жасайды.
  • Ауданның қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны аудан әкімі аппаратының қарауына табыс етеді.
  • Ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы тиісті мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімі шешімінің жобасын әзірлейді.
  • Ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
  • Тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетіне нақтылау және түзетулер енгізу бойынша ұсыныс береді.
Парақтар өзгертілді: 16-02-2018