Аудан бөлімдері

«Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Қинашева Жанар БолатқызыҚинашева Жанар Болатқызы 1976 жылы 9 сәуірде ШҚО Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын экономист мамандығын  бойынша  бітірді.   
Еңбек жолын 24 қыркүйек 1997 жылы Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. 1999 – 2005  жылдары аралығында  Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бюджет бөлімінің бас экономисі,  2005 – 2006  жылы Зайсан аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджеттін орындалу бөлімінің бас маманы,   2006 жылы Зайсан аудандық қаржы бөлімінің координация және анализ процесінің орындалу бөлімінің бастығы, 2006 – 2015 жылдары  Зайсан аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2015 – 2016 жылдар аралығында  Зайсан аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы лауазымында болды. 2016 жылдың 28 қарашасынан Зайсан аудандық жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған, 2018 жылдың 19 сәуірінен бастап, конкурс нәтижесінде,  осы бөлімнің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Манапов к., 19а
Тел.: (8-723-40) 21-866
Электронды адрес:zai@mail.kz

Қызметтік міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен қаулыларын, аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.
  • Бөлімге жалпы басшылық, ұйымдастыру және бөлімнің ішкі еңбек  тәртібін, ішкі қызметтік тәртіпті бақылау.
  • Мемлекеттік қызмет, халықты әлеуметтік қорғау туралы, жұмыспен қамту және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдылықтарының орындалуына  бақылау жасау.
  • Бөлімдегі мемлекеттік  қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіріп отыруға ықпал жасау, кадрмен қамтамасыз ету; 
  • ҚР заң актілерінің ережелеріне, заңдылықтарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, насихаттау, құқықтық оқулар ұйымдастыру;
  • Бөлімнің қысқа, орта және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық перспективаларына ұсыныстар әзірлеп, бекіту;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша уәкілетті органдарымен, аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен бірлесіп жұмыс атқару;
  • Қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау;
  • Бөлімнің құзыреттігіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

Жалпы ереже:

  • Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша уәкілетті орган болып табылады.
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы», ҚР «Көші-қон туралы», ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару органдары туралы», ҚР «Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау туралы», ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», ҚР «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік және педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы», ҚР «Мемлекеттік емес ұйымдар туралы», ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарымен коллегия шешімдерін, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және облыс мәслихатының шешімдері мен қаулыларын, аудан әкімінің, мәслихатының шешімдері мен қаулыларын  және осы ережені басшылыққа алады.
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің заңды тұлға ретінде құқықтық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының Заңдарымен және осы Ережемен анықталады.
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз міндеттері бойынша іс-әрекеті бойынша заңнама талабына сәйкес жауап береді.
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-әрекеттерді орындау мақсатында өз жұмысын аудан әкімдігінің, облыстық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды  үйлестіру Департаментінің , қоғамдық бірлестіктердің, жұмыс берушілердің қызметімен үйлестіреді.

Бөлімінің негізгі мақсаттары:

  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
  • Өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға жұмысқа орналастыруға ықпал ету, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту және әлеуметтік көмек көрсету бойынша, соның ішінде оралмандарды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысына уақытында құжаттарын өткізулерін, есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады.
  • Еңбек нарығының жағдайына және болжауына сараптама жүргізеді, ағымдағы және болашақтағы аудандық халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына ұсыныстар әзірлейді және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
  • Жұмыс іздеуші азаматтармен, жұмыссыздармен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасты жақсарту бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйе,  жұмыстың жаңа түрлерін және тәсілдерін енгізеді.
  • Қажет болған жағдайда учаскелік комиссиямен табыс етілген құжаттардың дұрыстығын қайта тексеріп, атаулы әлеуметтік көмек нақты мұқтаж адамдарға төленуін қадағалайды
  • Кедейшілікпен күрес бағдарламасы бойынша нақтылы аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу арқылы әлеуметтік жағынан қорғауға ықпал етеді.
  • Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және елді мекендер бойынша тізімдер дайындайды.
  • Азаматтардың өтініштерін қабылдаған құжаттары  негізінде отбасының әр-бір мүшесін компьютерлік «Аsses» бағдарламасына енгізеді.
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы жанұяларға, мүгедектерге, кемтар балаларға, аз қамтылған азаматтарға атаулы және мереке күндері әлеуметтік көмек түрлерін ұйымдастырады.
  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты, қараушысы жоқ қарттарға әлеуметтік көмек түрлерін көрсетеді.
  • Облыстық департаментке мүгедектер мен кемтар балалар есебінен жүріп-тұру, дене қозғалыс аппараттарына, протездік –ортопедтік бұйымдарға, есту-көру аппараттарына сұраныстарын анықтап мәліметтерін беріп отыру. 
  • Мүгедектер мен соғыс, еңбек ардагерлеріне  емделу-демалу орындарына жолдамамен қамтамасыз етеді.
  • Аудан бойынша барлық санаттағы мүгедектер мен аз қамтылғандарға әлеуметтік карталар толтырады.

Бөлімінің қызметі:

  • Өтініш жасаған азаматтарды, жұмысқа алу мүмкіндіктері туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.
  • Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтарды тіркейді және есепке тұрғызады, жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде есепте тұрғаны жайында анықтама береді.
  • Азаматтарға мамандығына сай келетін жұмысты таңдауға, ал жұмыс берушіге қажетті жұмысшы таңдауда көмек көрсетеді.
  • Халыққа кәсіптік бағдар беру қызметін көрсетеді.
  • Халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге ықпал ету жөніндегі іс- шараларды жүзеге асырады.
  • Жұмыссыздарды өздерінің келісімімен төлемді қоғамдық жұмыстарға жібереді.
  • Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын ұйымдастырады: жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар іс-тәжірибесіне жібереді.
  • Еңбек нарығының талаптарына сәйкес жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастырады және оларды кәсіптік оқытуға жібереді, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың, біліктіліктерін көтерудің шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздар  кәсіби даярлықтан, біліктілігін арттыру мен қайта даярлықтан басым тәртіппен өту құқығына ие болады және оқу кезеңінде тамақтану, медициналық тексеруге, жол жүрүге, жатар орынға шығыны жұмыссыздарға ереже бойынша төленеді.
  • Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары негізінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларына ұсыныстарды әзірлейді, еңбек нарығының жағдайына болжам және сараптама жүргізеді.
  • Халықты жұмыспен қамту Бағдарламасын әзірлейді және іске асырады.
  • Ресми баспаларда жұмыс күшіне ұсыныстар мен тапсырыс, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіптік бағдар туралы статистикалық мәліметтер сондай-ақ белгіленген еңбек нарығының мониторинг ақпараттық материалдары жарияланады.
  • Автоматтандыру және компьютерлеу құралдарын кіргізеді, кәсіптік оқытудың, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) автоматтандырылған мәліметтер базасын жасайды.
  • Жұмыссыздар мен бос халыққа олардың еңбек нарығында бәсекеге төтеп беру қабілетін арттыру бойынша қызмет көрсетеді. Жұмыссыз жастарды Өскемен, Семей қалаларындағы бейімдеу Орталығының жұмыс іздеу Клубына жіберу.
  • Азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасуды, жеке еңбек қызметін   ұйымдастыруды қамтамасыз етуге көмек көрсетеді, шағын несие алуға және бөлуге қатысады.
  • Халықтың нысаналы топтарын анықтау бойынша ұсыныстарды әзірлейді және жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді.
  • Төлемді қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін ұйымдарды таңдауды жүргізеді, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды іске асыруға, төлемді қоғамдық жұмыстарды өткізуге, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға шарт жасасады.
  • Шетел жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар бойынша жұмыспен қамту мәселелері жайында облыстық уәкілетті органға статистикалық есеп беруді және ақпарат жинауды, оларда қосымша жұмыс орындарының құрылуын бақылау жасайды.
  • Жұмыспен қамту мәселелері бойынша республиканың және ауданның уәкілетті органдарымен жұмыс тәжірибесін алмасады, жұмыспен қамту сұрақтары бойынша семинарлар, кеңестер беруге қатысады.
  • Аудандық еңбек делдалдығымен шұғылданатын жұмыспен қамту жеке агенттіктерімен, жұмыс берушімен жұмысқа орналасу сұрақтары, қосымша жұмыс орындарын құру және аудандық жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша өзара іс қимыл жасайды.
  • Жеке және заңды тұлғалар  арасында ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізеді, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтардың жеке ұсыныстарын және шағымдарын, белгіленген тәртіпте қарайды.
  • Тұрмысы төмен, аз қамтылған, кедейшіліктің деңгейінен төмен тұратын адамдарға ҚР» Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 13.07.2004 жылғы шешіміне сәйкес тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй- коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларына құжаттар қабылдап, тағайындап, төлемдерді төлейді.
  • Компьютерлік «Asses» бағдарламасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек құжаттары бойынша өтініш берген отбасы мүшелерінің табыстарын , бау-бақшадан, қосалқы шаруашылықтан түсетін табыстарын кіргізіп есептейді.
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы жергілікті жерлерде құрылған учаскелік комиссиялардың жұмыстарының сапалығын  тексеру, тұрғын үй жәрдемақысы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өткізген табысы туралы құжаттардың растығын қарама-қарсы тексерулер жүргізу арқылы анықтайды.
  • Әлеуметтік төлемдер жөнінде өтініш берген азаматтармен түсінік жұмыстары жүргізіледі.
  • Ай сайын әлеуметтік төлемдерге сараптама жасалынады.
  • ТМД  мемлекеттерінен келіп түскен хаттарға жауап беріледі(жұмыстың түрі мен фактілерді анықтау, еңбек ақы туралы т.б.)
  • Оралмандарға мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
  • Ауылды жерлерде тұрып жұмыс істейтін әлеуметтік, дәрігерлік, білім саласында жұмыс істейтін  мамандарға жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекке (отын сатып алуға) құжаттар жинап, төленеді.
  • Аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін маңызды көмектің түрі – қайырымдылық болғандықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан  көп балалы аналарға, мүгедек,кемтар балаларға қайырымдылық көмегін ұйымдастырады.
  • Қараушысы жоқ, жалғыз басты зейнеткерлерді, мүмкіндіктері шектеулі кемтар балаларды дәрігерлік тексеруден өткізіп, есепке алу, оларға арнайы кесте бойынша әлеуметтік қызметкерлердің барып көмектесіп тұруын қадағалайды.
  • Аймақтық орталықтарда аз қамтылғандарды тегін немесе жеңілдікпен әлеуметтік тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.
  • Қарттар мен мүгедектер күніне, Балаларды қорғау күніне, Жаңа-жылдық Жасыл-шырша мерекелеріне байланысты жеке кәсіпкерлерді демеушілікке тартады.
  • Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне емделу санаторияларына облыстық департаменттен жолдамалар алып беріледі, тегін баспасөз құралдарына жазады.
  • Мүмкіндіктері шектеулі кемтар балаларды есепке алып, әлеуметтік-педагогикалық-медициналық комиссиядан өткізу үшін арнайы ауданаралық комиссия мамандары ауданға шақырып, жергілікті жерде комиссиядан өткізеді.
  • Жүйке ауруымен ауыратындарды, жалғыз басты панасыз зейнеткерлерді өз өтініштері бойынша мүгедектер, қарттар үйлеріне арнайы көлікпен апарып орналастырады.

Әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу бөлімі:

  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарына және «Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне», «Аз қамтылған, әлеуметтік көмекке аса мұқтаж азаматтарға материалдық көмек бөлу және төлеу тәртібі туралы» Қағидаға сәйкес халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу.
  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардан төлемге қажетті құжаттар қабылдау, тіркеу;
  • қабылданған құжаттар негізінде отбасына кіретін табыстарды, жеке нормативтік карточкалары бойынша қосалқы шаруашылықтан түсетін таза кірісті есептеу;
  • қабылданған құжаттарды арнайы компьютерлік базаға енгізу;
    Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат негізінде аудандық «Қазпочта» бөліміне төлемге тізім дайындап өткізу;
  • Учаскелік комиссия жұмысының сапалалығын тексеру, тұрғын үй жәрдемақысы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өткізген  кірісі туралы құжаттардың растығын қарама-қарсы тексерулер жүргізу арқылы анықтау;
  • оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
  • Төленген әлеуметтік төлемдерге сараптама жасап айлық, тоқсандық жылдық қорытындылары бойынша жоғарғы органдарға белгіленген мерзімде статистикалақ есептер беру, тоқсан сайын «Қазпочтамен», аудандық қаржы бөлімімен, Халық банкісімен төлемдерге салыстыру актысын жасау.
  • Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалау.
  • Әлеуметтік төлемдер жөнінде бөлімге келген арыз-шағымдармен жұмыс істеу, оларға талдау жасау.

Жұмыспен қамту бөлімі:

  • Жұмыспен қамту бөліміне өтініш жасаған жұмыссыз азаматтарды тіркейді және өтініш жасау мақсаттарын,  жұмыс істемеу себептерін анықтайды, азаматтарды бос жұмыс орындарына орналастырады.
  • Ұйымдардағы бос жұмыс орындары туралы деректер банкін қалыптастырады. Жұмыспен қамтылмаған халықты жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде жұмыс берушілермен қарым-қатынасын жүзеге асырады.
  • Жаңадан ашылған жұмыс орындарына жұмыссыздар мен аз қамтылған азаматтардың ішінен мамандардың орналасуына ықпал жасайды.
  • Ұйымдармен және жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыспен қамтылмаған халыққа бағытталған жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруде бағдарламалардың, іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Бірінші кезекте қоғамдық жұмыстарға нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтардың қамтылуын қадағалайды.
  • Жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда әлеуметтік қорғаудың түрлері ұсынылады: оқыту, қайта оқыту мен біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу және т.б.
  • Жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуының негізгі көрсеткіштері бойынша жұмыссыздарды, соның ішінде халықтың мақсатты топтары бойынша жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға жіберу, жаңа жұмыс орындарын құру, жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындар бойынша жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалуын талдайды.
  • Жұмыспен қамтудың аудандық бағдарламасына мәліметтерді әзірлейді және бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылайды.
  • Халықты жұмыспен қамту туралы заң мәселелері жөнінде тұрғындар мен жұмыс берушілердің арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына қатысады, арыздарды және өз құзыреті шегіндегі өтінішпен келген жеке азаматтарды қабылдайды.
  • Еңбек рыногының болжамын және талдауды жүзеге асырады, экономикалық, әлеуметтік даму салалары болжамдарына орай халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс, іс қағаздарын жүргізу:

  • Құқықтық сұрақтар бойынша келушілерді қабылдап, мекеменің жалпы ережесіне сәйкес заңнамалар негізінде ақыл-кеңестер беру, құқықтық жұмыстар және бақылау жасау, іс қағаздармен жұмыс істеу, қызметкерлерді құжаттармен қамтамасыз ету.
  • Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, әдістемелік көмек көрсету.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерін, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы жанұяларға, мүгедектерге, кемтар балаларға, аз қамтылған азаматтарға атаулы және мереке күндері әлеуметтік көмек түрлерін ұйымдастыру/қайырымдылық акцияларын өткізу, мекемелер мен жеке кәсіпкерлерден демеушілік- қайырымдылық көмек ұйымдастыру/;
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардан аз қамтылған азаматтарды, көп балалы аналарды және басқа да  әлеуметтік жағынан аз қамтылған категориядағы азаматтарға көмек көрсету;
  • Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға үйлеріне барып әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету;
  • Аймақтық орталықтарда аз қамтылғандарды тегін немесе жеңілдікпен әлеуметтік тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
  • Облыстық департаментке мүгедектер мен кемтар балалар есебінен жүріп-тұру, дене қозғалыс аппараттарына, протездік-ортопедтік бұйымдарға, есту-көру бұйымдарына, оның ішінде еңбек ардагерлеріне емделу-демалу орындарына жолдамамен қамтылуына сұраныстарын анықтап, жинап, мәліметтерін  беріп отыру;
  • Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтармен  халыққа түсінік жұмысын жүргізу;

Жоспарлау және бюджеттік бағдарламалардың орындалу бөлімі:

  • Бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу.
  • Ақша қаражаттарын, материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақытылы көрсету.
  • Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік жазулар негізінде нақтылы бухгалтерлік есепті жүргізу, оларды аудандық қаржы, экономика бөлімдеріне және салық комитетіне белгіленген мерзімде тапсыру.
  • Бөлімді қаржыландыру жоспарларын жасау, еңбекақы төлеу қоры шығындарының дұрыстығын бақылау, лауазымдық еңбекақыны белгілеу, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтау.
  • Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау.
  • Қаржылық жылға бюджеттік тапсырыстарын құру. Қазынашылық банкі арқылы өтетін операцияларды есепке алу.
  • Бухгалтерлік есеп жүргізу деректері бойынша қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау. Бюджеттік бағдарламалардың құжаттарын әзірлеу және бекіту. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын жасау. Аз қамтылған азаматтарға берілетін материалдық көмек пен әлеуметтік төлемдерді есепшотқа аудару және  төлемдер үшін екінші дәрежедегі банктермен келісім шартқа отыру және оның орындалуын қадағалау.
  • Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы  мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу Бейсатова С.А - маман «Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы  мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу» туралы Заңға байланысты ауданда тұратын азаматтардан біржолғы ақшалай өтемақыға құжаттар қабылдап, журналға тіркеу, шешім шығару;
  • Шығарылған шешімді аудандық комиссия мүшелерінің қолдарымен бекітіп төлем бөліміне өткізу.
  • Біржолғы ақшалай өтемақы құжаттарын жинау жөнінде аудандағы мекеме, кәсіпорындармен, ауыл, қала әкімшіліктерімен семинарлар өткізу, түсінік жұмыстарын жүргізу.
  • Белгіленген кесте негізінде әр ауыл, қала әкімшілігінен біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыға құжаттар қабылдау.

 

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жыл көлемінде атқарылған жұмыстары туралы анықтама *.doc 39 KB
Қылмыстық –атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы *.doc 27 KB
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 1 қыркүйекке дейін атқарылған жұмыстары туралы анықтама *.doc 50 KB
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2015 жылы орындалуы туралы ақпарат *.doc 45 KB

 

Парақтар өзгертілді: 23-04-2018