Аудан бөлімдері

«Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Киямазанов Муратхан Чайзатович Бөлім  басшысы - Киямазанов Муратхан Чайзатович

Киямазанов Муратхан Чайзатович16.09.1956 жылы ШҚО,Зайсан қаласында дүниеге келген.1978 жылы Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген. 1978-1980;1982-1986; 1987-1993 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ совхозында зоотехник, 1981-1982 жылдары Шығыс Қазақстан тәжірибе станциясында зоотехник, 1993-1995 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ совхозында бас зоотехник, 1995-1996 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ совхозында экспедитор, 1996-2001 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ совхозы «Теректі» шаруа қожалығының бастығы, 2002-2005 жылдары Зайсан аудан әкімі аппаратының түнгі күзетшісі, 2005-2006 жылдары Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары Зайсан аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы, 2007-2008 жылдары Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, 03.01.2008- 25.08.2008 жылдары зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, 2008-2015 жылдары Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, 2015-2016 жылдары Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 01.11.2016 жылдан бастап Зайсан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Желтоқсан к., 30
Тел.: (8-723-40) 21-221
Факс: 8-723-40-21-221
Электронды адрес: zsn_selhoz1@mail.ru

Қызметтік міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік  құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулылыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің  және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
  • Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.
  • Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Арыз, шағым, өтініштермен жұмысты ұйымдастырады. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің ауылшаруашылығы саласындағы ұстанған саясатын ауданда жүзеге асырады. Аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
  • Ауылшаруашылық құрылымдарының ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануды және асыл тұқымды мал шаруашылықтарының көбеюін ұйымдастырады.
  • Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001: 2000  сапа менеджменті  жүйесінің  талаптарына  сай  атқарады.

Бөлімнің қызметі:

  • Ауыл шаруашылық құрылымдарының егіс алқаптарының көлемі, алынған өнімі, өнімділігі жайлы бақылау жасап есебін жүргізу.
  • Ауданды азықтық дәнді астықпен және оның өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етуге бақылау жасау.
  • Астық нарығына қатысушылардың астық өнімінің көлемі мен қозғалысы туралы мәліметтер жинауды қамтамасыз ету.
  • Ауыл шаруашылық құрылымдарының ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу технологиясын сақтауға бақылау жасау.
  • Астық өндіру мен сақтаудың жаңа прогрессивті технологияларын енгізу.
  • Астық өндірушілерге сертификаттық бәсекелестік  орта қалыптастыру.
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының сапасы мен өнімділігін арттыруға байланысты бюджеттік жобаны іске асыру.
  • Ауыл шаруашылық құрылымдарының минералдық тыңайтқыштарды мақсатты пайдалануын бақылау.
  • ҚР «Тұқым туралы» заңына сәйкес тұқым шаруашылығымен айналысатын  мемлекеттік  мекемеге  қолдау  көрсетіп  отыру.
  • Лауазымдық қызметтерін атқаруға байланысты қызметтік құпияны қатаң сақтау.
  • Аудандағы мал шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындарды және мал өнімдерін өндіру, дайындау, сою өңдеу жұмыстарын ұйымдастырып, осы обьектілер жұмысқа қосылған уақытта комиссия құрып, қабылдау.
  • Машино-технологиялық станциялар мен сервис орталықтарының жұмысын ұйымдастырады.
  • Ауыл шаруашылық техникаларына жылдық техникалық бақылауға қатысу.
  • Қолда бар техниканың есебі, ауыл шаруашылық құрылымдарына ауыл шаруашылық техникаларының қажеттілігі және ауыл шаруашылық техникаларын жаңадан алуға көмектесіп  есебін  жүргізіп  отыру.
  • Ауыл шаруашылығын механизациялаудың озық технологияларын өндіріске енгізу.
  • Ауыл шаруашылығы техникаларының пайдалану бағасын шығарып (шөп шабу, тарау, тасу, жер жырту, культивация, себу т.б.) ұсыну.
  • ҚР «Ауылшаруашылық кешенін және ауылдық жерлерді дамытуды мемлекеттік реттеу» туралы Заңына сәйкес агроөндірістік кешен нысандарына мемлекеттік көмекті мемлекеттік, аймақтық бағдарламаға және нормативтік құқықтарға сәйкес жеткізу.
  • Кәсіпкерлікке байланысты мәжілістер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • Шағын бизнесті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін банк пен кәсіпкерлер арасында мақсатты жұмыс жүргізу;
  • Кәсіпкерліктің дамуы жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіпке сәйкес даярлау  және ұсыну;
  • Кәсіпкерлерге кәсіпкерлікке байланысты ақпараттық түсініктеме жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мақалаларды және анықтамаларды бұқаралық ақпарат құралдарына даярлау  және  жариялау;
  • «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп аудандағы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін  ынталандыру  мақсатында  жұмыстар  жүргізу;
  • Алкоголді өнімдерін бөлшектеп сатуға кәсіпкерлерге заң талаптарына сай  лицензия құжаттарын дайындау;      
  • Алькогольді өнімдерді саудалаудағы заңдылықтардың сақталуына бақылау жасау;
  • Базардағы, сауда  дүкендеріндегі бағаны қадағалау; 
  • Бағаның орынсыз  көтерілуінің  себептерін  анықтау;
  • Жұма сайын бағаның мониторингісіне сараптама жасау;
  • Шекарадан ҚХР-ына бір күндік визасыз «Майқапшағай-Зимунай» сауда орталығына қатынасуға аудан кәсіпкерлеріне ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
  • Кеденнен тез бұзылатын көкеніс, жеміс-жидектерді тоқтаусыз өтуіне ықпал жасау;
  • Бөлімнің мүліктеріне материалдық жауапкершілігі жүктеледі;
  • Кәспкерлерге кредит алуға  құжаттарын  дайындауға  көмек  жасау;
  • Бизнес жоспарларын дайындау,  жасауды  үйрету;
  • Аудан көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған  бағдарламаны іске асыру мақсатында кәсіпкерлермен жұмыс істеу;
  • Бөлімге түскен арыздар, құжаттармен жұмыс істеу, уақытында жауаптарын  дайындау

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018