Аудан бөлімдері

«Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Қайрақбаев Еркін ҚасенұлыБасшысы – Қайрақбаев Еркін Қасенұлы

1963 жылы 1 қаңтарда  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылында туған. Білімі жоғары.Ұлты қазақ. 1991 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын, 2003 ж – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 ж – Д.Серікбаев атындағы ШҚ техникалық университетін  бітірген.
Еңбек жолы: 

27.07.1983 ж- Қаратал совхозының жұмысшысы,  Қаратал ауылы,
11.08.1990 ж.  - Қаратал совхозының бас гидротехнигі, Қаратал ауылы
07.06.1995 ж. - Майқапшағай кеденінің экспорт-импорт операцияларын тексеру бөлімінің инспекторы, Кедендік басқармасы, Зайсан қаласы
12.02.1996  ж. - Майқапшағай кеденінің экспорт-импорт операцияларын тексеру бөлімінің  бас инспекторы, Кедендік басқарма,  Зайсан қаласы
14.09.2000 ж. - Көгедай орта мектебінің АӘД мұғалімі, Көгедай ауылы
06.11.2002 ж. - Зайсан аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманың м.а, Зайсан қаласы
24.01.2003ж. - Зайсан аудандық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы, Зайсан қаласы
01.01.2006ж. – Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Зайсан қаласы
10.09.2012ж. - Жылжымайтын мүлік орталығы Зайсан филиалының басшысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы
28.09.2014ж. - Зайсан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а, ШҚО, Зайсан ауданы
08.12.2014ж. - Зайсан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, ШҚО, Зайсан ауданы
02.03.2015ж. - Зайсан ауданының құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының орыбасары
ШҚО, Зайсан ауданы
28.06.2016ж. - Зайсан аудандық жер бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангелді к., 100
Тел.: (8-723-40) 27-211
Электронды адрес: zsn_ozo@mail.ru

Қызметтік міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
  • Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.
  • Бөлімдегі мамандар мен қызметкерлердің міндеті мен өкілеттілігін анықтайды, міндеттерін тиісінше орындауын қадағалайды.
  • Ауданда жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жер қатынастарын реттеу саласында жерді пайдалану мен қорғау жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен қала, ауылдық округі әкімдерімен, аудан аймағында орналасқан мекеме, кәсіпорындармен өзара қатынас жасайды.
  • Иесіз жер учаскелерін есепке қояды. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу жөнінде  ұсыныстар дайындайды. Мемлекеттік жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді. 
  • Жерге орналастыруды  жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекітеді. Жер сауда-саттығын  жүргізуді ұйымдастырады. Ауданның  жер балансысын  жасайды. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер  пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы  қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді.
  • Жер учаскелеріне құқықты  куәландыратын құжаттар береді. Жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша пайдалану шарттарын жасасады.
  • Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Жер қатынастар бөлімі төмендегідей жұмыстар  атқарады:

  • Иесіз жер учаскелерін есепке алу.
  • Ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен  шешімдерінің жобаларын дайындау.
  • Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау.
  • Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен  бөлінбейтіндігін айқындау.
  • Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.
  • Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту.
  • Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру.
  • Елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобарларын әзірлеуді ұйымдастыру.
  • Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру.
  • Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық, қалалық бағдарламалардың, схемалар  мен жобалардың сараптамасын жүргізу.
  • Ауданның  жер  балансын  жасау.
  • Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу.
  • Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар беру.
  • Жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру.
  • Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру.
  • Жер учаскелерін сатып алу - сату шарттары мен жалдау және  жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу.
  • ҚР «Жер Кодексінің» 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау.
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыруы жөнінде ұсыныстар дайындау.

 

Парақтар өзгертілді: 16-02-2018