Аудан бөлімдері

«Зайсан ауданының құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Быкаев Талгатбек ФайзрахмановичБасшысы – Бықаев Талғатбек Файзрахманұлы

1956 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Өскемен қаласындағы Өскемен құрылыс-жол институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 1974 – 1976 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1973 – 1974 жылдары ШҚО, Зайсан ауданы Мичурин ауылындағы «Мичурин» совхозында жұмысшы, 1977 жылы «Мичурин» совхозының цех жұмысшысы, 1984 жылы «Мичурин» совхозының бригадирі,  1985 – 1986 жылдары «Мичурин» совхозының агрономы, 1986 – 1987 жылдары «Мичурин» совхозының құрылыс саласы бойынша мастері, 1987 – 1988 жылдары «Мичурин» совхозы директорының шаруашылық саласы бойынша орынбасары, 1992 – 1994 жылдар аралығында «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі,  1994 жылы ШҚО, Зайсан ауданы, Кеңсай ауылындағы Кеңсай совхозының бас прорабы, 1994 – 1995 жылдары Кеңсай совхозының №1 бөлімшесінің басқарушысы, 1995 – 2002 жылдары «Мерей» шаруа қожалығының жетекшісі, 2002 жылдың 01 наурызынан 2013 жылдың 09 тамызына дейін ШҚО, Зайсан ауданы, Жарсу ауылындағы Жарсу орта мектебінің мұғалімі болып еңбек етті. 2013 жылдың 09 тамызынан бастап ШҚО, Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округінің әкімі болып, 2017 жылдың 05 маусымынан Зайсан ауданының құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Жангельдин к 54
Тел.: (8-723-40) 26-212
Электронды адрес: zsn_stroika@akimvko.gov.kz 

Қызметтік міндеті:

  • Аудандағы барлық құрылыс мәселелерін шешу;
  • Ауданның құрылыс саясатын жүргізу;
  • Құрылыстың барлық түріне жобалық жұмыстарды дайындау;
  • Елді мекендерде басты жоспарлардың орындалуын қадағалау;
  • Салынып жатқан және күрделі жөндеудегі объектілердің құрылысының сапасын қадағалау;
  • Құрылыс объектілеріндегі әр түрлі комиссиялар жұмысына қатысу;
  • Жергілікті деңгейде бөлімнің қаржыландыру бағдарламасын жүргізу;
  • Құрылыс аясында ақпаратты қамтамасыздандыру.
  • Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және шығыс қазақстан облысы әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
  • Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады.
  • Бөлімдегі мамандар мен қызметкерлердің міндеті мен өкілеттілігін анықтайды, міндеттерін тиісінше орындауын қадағалайды. Бөлім қызметкерлерігің біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Арыз, шағым,өтініштермен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді.
  • Ауданның су құбырларының, тазарту құрылыстарының, жылу мен электр желілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қалааралық, қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады.
  • Аудандағы жергілікті жолдардың қалыпты жағдайда ұсталуын бақылау және қамтамасыз етеді. Ауданда атқарылатын жергілікті жолдарды, көпірлерді жөндеу жұмыстарының көлемін, сапасын қадағалау, қабылдап алады. Қысқы от жағу маусымына дайындық жасауда жылу қазандықтарының уақытында жөнделуін қадағалайды және келісім-шартқа сәйкес кесте жасап, көмір тасылуын бақылайды.
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады. Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді.
  • Өз міндетін халықаралық стандарты ИСО 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай атқарады.

Бөлімінің негізгі міндеттері және қызметі:

  • Аудан көлемінде құрылыс мәселелерін шешу;
  • Тапсырушыларға құрылыс паспорттарын дайындап беру, алдын-ала жер участкілерін бөлу, құрылыстардың барлық түрлеріне жобалау жұмыстарын жүргізуге керекті деректер дайындау;
  • Мекемелер мен кәсіпорындарға, шаруашылық субъектілерге, жерге мемлекеттік акт алуға, жерді сатып немесе жалға алуға керекті құжаттарды дайындап беру;
  • Белгіленген тәртіпте барша құрылыс объектілерін орналастыруына жобалау ұсыныстар дайындау және осыған сай жер бөлу туралы жергілікті әкімшіліктердің шешімдерін дайындау;
  • Шарт негізінде кәсіпорындар мен мекемелер, шаруа қожалықтар және жеке меншік құрылыс жүргізушілермен құрылыс, жөндеу, өндірістік, ауыл шаруашылық саласында, тарихи әдени ескерткіштер, қаладағы көркемдеу - әлемдеу жұмыстары, интерьерлер мен және тағы басқа жобалық құжаттар дайындау;
  • Елді-мекендердің бас жоспарларының сақталуына бақылау жасау;
  • Құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін объектілердің сапасына бақылау жасау;
  • Құрылыс объектілердің әртүрлі комиссияларының жұмыстарына қатысу;
  • Жергілікті деңгейде бөлім бағдрламаларын қаржыландыруды жүзеге асыру.
  • Аудан орталығы мен ауылдағы елді мекендердің және аудан орталығы мен Өскемен, Семей, Алматы қалаларының арасындағы жолаушы көлігімен тасымалдауының ұйымдастырылуына бақылау жасау.
  • Аудан көлеміндегі елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау.
  • Аудандағы елді мекендердің көгалдандыруына бақылау жасау.
  • Қысқы мерзімге уақытында дайындау мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеттік объектілерде жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруына бақылау жасау.
  • Қысқы мерзімде бюджеттік объектілерге уақытында көмірмен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау.
  • Жергілікті жолдардың ұсталуына,жөндеу жұмыстарын жүргізуіне бақылау жасау.
Парақтар өзгертілді: 22-02-2018