Аудан бөлімдері

«Зайсан ауданының ветеринариялық бөлімі» ММ

Андырбаев Сабыр МусабековичБасшы - Әндірбаев Сабыр Мұсабекұлы

8 наурыз 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қуаныш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Қаратал ауылының Горький атындағы орта мектепті бітірген. 1 жыл Айнабұлақ ауылында жұмысшы болып істеген. 1987-1989 жылдарда Совет Армиясы қатарында борышын атқарып келіп, жоғарғы оқу орынына түсті. 1992 жылы Семей қаласының ветеринарлық институтын бітіріп ветеринарлық дәрігер мамандығын алды. 1992 жылы Ақ Арал совхозында мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1997 жылы Зайсан аудандық ветеринарлық станциясының бас мал дәрігері қызметін атқарды. 2002-2005 жылдары Дайыр ауылдық округінің әкімі болды. 2005-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, 2008-2010 жылдары. аппарат басшысы болып қызмет етті. 2010 жылдың 23 қыркүйегінен бастап аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2015 жылдың 26 тамызынан бастап аудандық ветеринария бөлімінің бастығы, 2016 жылдың 21 маусымынан бастап аудан әкімі аппаратының басшысы қызметінде, 2018 жылдың 19 сәуірінен бастап аудандық ветеринария бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды..

Мекен-жайы: Зайсан қаласы, Боқажанов көшесі
Тел.: (8-723-40) 21-729
Электронды адрес: vetotdel-zaisan@mail.ru

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің, өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді және оған бақылау жасайды.
Бөлім туралы Ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын жалпы басқарумен айналысады және бөлімге міндеттелген тапсырмалардың орындалуына басшылық жасайды және тікелей жауапты болады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің жалпы жұмысына жауап береді. Тиісті аумақта ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер салуды және ұстауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асыру. Жануарларды аурулардан қорғау және емдеу ,халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға жауапты. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады. Жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

Парақтар өзгертілді: 19-04-2018