Ішкі саясат

Бұқаралық ақпараттық құралдар

Қазіргі таңда, ауданда «Достық» газеті тіркелген. Газет 1930 жылдың 01 қазанынан бастап шығады. «Достық» газеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 2008 жылғы 6 қазанда №9363-Г куәлігі берілген. Құрылтайшысы - Зайсан ауданы әкімдігі, директор-редактордың міндетін атқарушы Ардақ Бөлдекбаева. Басылым қазақ тілінде аптасына 2 рет, сәрсенбі және сенбі күндері шығады.

«Аудандық «Достық» газеті»  - қоғамдық-саяси басылым болып табылады және уақытында обьективті ақпараттар беру арқылы оңды қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Жалпы алғанда, «Достық» газетінің жұмысы қазіргі уақытта болып жатқан маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жан-жақты жариялауға бағытталаған.

  Бұқаралық ақпарат құралдары туралы *.doc 127 KB

 

Парақтар өзгертілді: 05-03-2018