Дін

kn Н.Ермекбаев дін саласындағы заңнама өзгерісі жайлы: Бәріне ұнау мүмкін емес  
kn Деструктивті діни ағымдардың белгілері *.doc 29 KB
kn Ақпараттық материалдар  
kn Қазақстан республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің салафизм діни ағымына Қатысты ұстанымы *.doc 27 KB
kn Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Бірлікке ұйыған елге береке ұялайды *.doc 43 KB
kn Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама *.doc 68 KB
kn Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары *.doc 48 KB
kn Бастысы – балаға білім беру *.doc 36 KB
kn Высказывания Президента *.doc 24 KB
kn Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында *.doc 55 KB
kn Бірыңғай мектеп формасы оқушылардың жинақы киінуін міндеттейді *.doc 60 KB
kn Алау ӘДІЛБАЕВ, Теология ғылымының докторы: Сириядағы соғыс сарсаңы *.doc 58 KB
kn Алау ӘДІЛБАЕВ: «Баба салты ата дінмен сабақтас» *.doc 82 KB
kn Алау ӘДІЛБАЕВ, исламтанушы: «Жиһадқа» жанаспайтын «сайтан тірлік» *.doc 71 KB
kn Балғабек МЫРЗАЕВ, теолог: ДАИШ ұйымы – олар кімдер? *.doc 51 KB
kn Балғабек МЫРЗАЕВ, теолог: ДАИШ-тен келер қауiп қандай? *.doc 51 KB
kn Балғабек МЫРЗАЕВ: «Ислам – үрейдің діні емес!» *.doc 52 KB
kn Мұхитдин Исаұлы: ДАИШ террористері – шейхсымақтардың жетегіндегі сауатсыз тобырлар *.doc 60 KB
kn ДАИШ: бетперденің арғы жағындағы кім? *.doc 73 KB
kn Жалғас Сандыбаев: Пайғамбар айтқан хауариждер – осылар *.doc 65 KB
kn ДАИШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары *.doc 40 KB
kn Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері «жиһад» емес *.doc 43 KB
kn Досай КЕНЖЕТАЙ: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында» *.doc 44 KB
kn Иманды айдаладан емес, айналаңнан ізде *.doc 59 KB
kn Құдайберді БАҒАШАРОВ: ДАИШ-тің қаупі асқынып тұр *.doc 42 KB
kn «ИШИМ» террористік ұйымы және оның төндіретін қаупі Бағдат Қазкенов *.doc 41 KB
kn Бұл мәселеде бірлік керек Қазкенов Бағдат Айтөреұлы «Шарайна» газеті, 22.11.2013 жыл *.doc 37 KB
kn Ойланайық, бауырлар!
Бағдат Қазкенов «Шарайна» газеті, 24.07.2015 жыл
*.doc 33 KB
kn «Діни экстремизм мен террроризм ұғымы және саяи, құқықтық, қылмыстық сипаттамасы»
Нурбекова Р. К., «Өрлеу» БАҰО АҚ ШҚО бойынша филиалы Білім сапасыжәне басқару кафедрасының доценті м.а., Өскемен қаласы
*.doc 41 KB
kn Экстремизм
Мухаммад Махфуз, Египет Араб Республикасының Аль-Азһар университетінің профессоры, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің деканы, теология ғылымдарының докторы
*.doc 61 KB

 

Бейнеролик:

Ссылки на ролики 2017 года

1. «Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерімен некеге тұрудың теріс салдары» (01 мин. 00 сек., мемлекеттік тілде) https://cloud.mail.ru/public/KYa4/194f4u4gJ

2. «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бекіткен тәртібінен тыс теологиялық білім алуға шет елдерге шығудың қаупі» (01 мин. 00 сек., мемлекеттік тілде) https://cloud.mail.ru/public/yjzA/mobmbKarz,

3. «Салафизм – қазақстандықтар үшін жат ағым» (01 мин. 00 сек., мемлекеттік тілде) https://cloud.mail.ru/public/HCL8/6RPbR9haR,

4. «Псевдохристиандық діни ілімдердің қаупі» (01 мин. 00 сек., мемлекеттік тілде) https://cloud.mail.ru/public/5goV/8A5fQdKTo,

5. «Псевдоисламдық діни ілімдердің қауіпі» (01 мин. 00 сек., мемлекеттік тілде) https://cloud.mail.ru/public/MbKC/y4scQ8Nvj

Ссылки на ролики 2016года

 

Ссылки на ролики 2015 года

 

Ссылки на ролики 2014 года

 

Ссылки на ролики Комитета по делам религий МКС РК

Ссылка на ролик из областной прокуратуры

 

Бейнеролик:

  1. Ролик 30 сек каз - https://yadi.sk/i/DxiApKsxeJskW
  2. Ролик 30 сек русс  - https://yadi.sk/i/HxPZhfDfeJsLk
  3. Ролик 43 сек каз - https://yadi.sk/i/dojBoATIeJsNY
  4. Ролик 43 сек русс - https://yadi.sk/i/e3lpElvqeJsP7
  5. Ролик 1 - https://yadi.sk/i/-Vi5BchleJsaz
  6. Ролик 2 - https://yadi.sk/i/EpknTYf8eJsbq
  7. Ролик 3 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM
  8. Ролик 4 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM
  9. Ролик 5 - https://www.youtube.com/watch?v=CxUr_uVhxQw

 

«ИШИМ» террористік ұйымы және оның төндіретін қаупі

Бағдат Қазкенов

Қазіргі таңда барша елдің арасында «ИШИМ» атауын естіген көпшілік «Бұл не ұйым өзі?» деп таңырқап жатады. Талай азаматтардың адасуына әкеліп соқтырп отырған бұл террористік ұйымның мақсат-мүддесі өздерінше ислам халифатын құрып, дүниежүзін бағындырамыз деген ойға саяды.
Қаламыздағы дін мәселелерін зерттеу орталығына жұмысқа орналасқан Жасұлан Нұрмұхан қарағанды мемлекеттік университетін биыл тәмамдаған жас саясаттанушы. Философия және психология факультетін ерекше үлгідегі дипломға аяқтаған жас маманның дипломдық жұмысында бүгінде әлемдік деңгейде террористік ұйым деп танылған «ИШИМ-нің» ұңғыл-шұңғылын зерттеген.
Бүгінгі сұхбатты біз осы ұйымның қайдан және қалай пайда болғаны турасында айтпақпыз.
Журналист: – Жасұлан, жалпы бұл ұйымның құрылуы өте қауіп төндіріп тұрғаны бесенеден белгілі. Неліктен бұл тақырыпта дипломдық жұмысыңды қорғадың?
Саясаттанушы: – Сауалыңыз өте орынды. Бұл тақырыпта дипломдық жұмыс жазуымының басты себебі – қазіргі таңда «ИШИМ-нің» әлемдік деңгейде дүрбелеңі көп елді әуре-сарсаңға салды. Әріге бармай-ақ, өз елімізден де ислам халифаты құрылып жатыр деген желеумен замандастарымыз шекара асып кетті. Мен бұл ұйымның дін атын жамылып ұлтаралық татулыққа сызат түсіретін теріс пиғылды жандардың әрекеті екендігін түсіндіру мақсатында осы тақырыпта ғылыми ізденіске бардым.
Журналист: – Жөн-ақ. Ал, осы тақырыпта ізденіске бара отырып қандай тың деректерді дипломдық жұмысқа пайдаландың және қалың көпшілікке бұл ұйымның қайдан шықанын, қысқартылып айтылып жүрген атауының қандай мағына беретіндігіне тоқталсаң.
Саясаттанушы: – «ИШИМ» (Ирак және Шам ислам мемлекеті) Ирак және Сирияда әрекет ететін ислам атын жамылған террористік ұйым.
15 қазан 2006 жылы «Ирак ислам мемлекетінің» құрылғандығы жайлы мәлімдеме жасалды. Бастапқы кезде «Әл-Каида» террористік ұйымының құрамдас бөлігі болған. 9 сәуір 2013 жылы өзіндік күш ретінде Башар Асад режиміне қарсы антиүкіметтік күштер тарапынан Сириядағы азаматтық соғысқа араласқаннан кейін бұл ұйым «Ирак және Сирия (Шам) ислам мемлекеті» (басқа нұсқаға сүйенсек «... және Леванта» - қазіргі таңдағы Сирия, Ливан, Палестина, Иордания, Израиль мен Мысырдың кейбір аймақтарын қамтитын территорияның атауы) деп атала бастады.
Бұл топ Ирактың солтүстік және батыс аймақтарына толыққанды шабуылды бастауымен 2014 жылы баршаға танымал болды. Радикалдар 1 ай ішінде бірнеше қалаларды бақылауға алды: 10 маусым олар Мосулды (үлкендігі жөнінен Ирактың екінші қаласы) басып алды, келесі күні – Тикритті, ал бірнеше күннен кейін Бағдадқа жақындады. Маусымның аяғында террористтер Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласынан Ирактың шығысындағы Дияла провинциясына дейінгі жерлерді қамтитын өзіндік квазимемлекеттің құрылғандығы жайлы мәлімдеме жасады. 3 тамыз күні террористтер екі үлкен мұнай қорын бақылауға алды. Абу Бакр әл-Бағдади террористтердің басшысы «Халиф» болып жарияланды. Мемлекет болып жарияланғанын бірде-бір мемлекет мойындамаса да, «Ирак және Шам ислам мемлекеті» өзінің географиялық атауын алып тастады. Қазіргі таңда «ИШИМ» шариаттық басқару формасы бар «жартылай шынайы квазимемлекет» (жалған мемлекет) болып табылады.
«ИШИМ» содырлары бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Себебі бұл террористік ұйымның қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген әлем елдерінің азаматтары жүр. Олардың басты мақсаты –өздерінің құрған «халифат» шекарасын ұлғайту. Осы мақсатқа жету жолында бұл ұйымның мүшелері өздерін де өзгені де аямайтыны анық. Бұл ұйымның басты ерекшелігі – заманауи технологиялармен жұмыс жасай білуінде. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, адамдарды қатарларына қосу алдыңғы орынға қойылған. Сирия мен Ирак жерлерінде жасалған әскери қылмыстарынан кейін тұрғылықты жердің тұрғындары бастарын аман алып қалу мақсатында Еуропа елдеріне бас сауғалауға мәжбүр болды.
Журналист: – Бұл ұйымнан біздің елге де қауіп төніп тұрғаны анық. Осы тұрғыда жас саясаттанушы ретінде қандай ой айтасың?
Саясаттанушы: – Жасыратыны жоқ, Қазақстаннан, соның ішінде Сәтбаев пен Жезқазған қалаларынан Шам жеріне соғысқа аттанған азаматтар бар екені баршамызға мәлім. Алайда олардың саны жайлы ресми ақпарат жоқ. 2015 жылдың сәуір айында ғаламтор желісінде қазақтың қаракөз балалары жат елде соғыс өнеріне дайындалып, радикалды идеологияны сіңіріп жатқандығы жайлы бейнеролик жарияланды. Осы індеттің салдарының бірі ретінде қала тұрғындарының «джиһад» жолында «хижрат» жасаймын деген ниетпен бала-шағаларын алып, соғыс жайлаған жат елге барып орналасты. Қылмыскер адамды патшам деп мойындап, оған мойынұсынды. Бұл сұмдықтар айсбергтің беті ғана. Бұл мәселенің негізгі себебіне үңілсек, қала тұрғындарының діни салада білімінің төмен дәрежеде екеніне көзіміз жетеді. Осы тұрғыда білімсіздіктің кесірінен ұлттық құндылықтарымыздан ажырап, тарихымызды ұмытып, діни наным-сенімдеріміз лайланып, ата-бабадан бізге мұраға қалған ислам дінінен ажырап қалып, дін жөнінен оңы мен солымызды айыра алмайтын дәрежеге жеттік. Осыны пайдаланған арам пиғылды уағызшылар азаматтарымыздың санасын улап, қоғамдықбірлікке сызат түсіріп, қоғамда бүлік шығарды. Адамдарды ислам дінінен шошитын жағдайға жеткізді.
Журналист: – Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін қайтпек керек?
Саясаттанушы: – Ұлт болып аталған індетке қарсы тұру мақсатында баршамыз бірігіп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға» міндеттіміз. «Ауруын жасырған өледі», демекші, бұл мәселеге көз жұма қарамай, қайта оны мойындап, баршаның назарын осы мәселеге аударуымыз қажет. Бірлесіп күресу арқылы біз радикалды идеологияға төтеп бере аламыз. Балаларымыздың назарын білім алуға, жетілуге, рухани дамуға, ұлттық мәдениетімізді бағалап, оны қастерлеуге тәрбиелеуіміз қажет. Сол арқылы біз қоғамда әр түрлі ауытқуларға қарсы «иммунитет» қалыптастыра аламыз.
Бұл ауруды емдеу арқылы ғана қоғамда бірлік, елімізде береке орната аламыз.
Сұхбаттасқан Бағдат Қазкенов.

 

А.Әбуов,
филос.ғ.д., профессор,
«Қазақстан дінтанушылары»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

ДІНАРАЛЫҚ СҰХБАТ ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ

Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарындағы негізгі мақсат – елімізді мекендеген көпұлтты және көпконфессиялы халықтардың тәуелсіздік туы астында өзара ынтымақты әрі бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болса, қазір ғаламдық жасампаздық пен тұрақтылықты баянды ету үшін әлемдік және дәстүрлі діндердің өзара әрекеттесуінің қазақстандық үлгісін қалыптастырды.
Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасы Қазақстанды қазіргі таңда күллі әлем мойындады десек, артық айтқандық емес. Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып, халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің табиғи міндетін атқарғанының нәтижесінде еліміз осындай биіктерге қол жеткізді.    
Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда діни мүддесі ортақ 18 конфессияның өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп, еліміздің нұрлы болашағы үшін еңбек етуде. Тәжірибелері мен  ұстанымдары бөлек Қазақстандағы діндер әр түрлі сенімдегі ұлыстар мен әр қилы әлеуметтік топтағы адамдарды қамтиды.
Ішкі тұрақтылығы бекем Қазақстан қазіргі әлемдік дамудың күрделі, қарама-қайшылыққа толы, іргелі мәселелерін шешудің аса маңызды әдісі ретінде өркениеттер үнқатысуын ұйымдастыру үшін үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін өткізіп отыруды дәстүрге айналдырды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І Съезінде бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты адамзат өмірінің маңызды қағидаттары ретінде бекітуді, діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізуді, адамдардың діни сенімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға жол бермеу – бұл форумның негізгі басымдықтары болып белгіленді.
Сондай-ақ, осы Съезде дінаралық және конфессияаралық дәстүрлерді  дінаралық съездер түрінде нығайту, келешек съездердің келісілген, жан-жақты идеологиясы мен тұжырымдамасын дайындау үшін Съездің үнемі әрекет ететін органын жасақтау, Қазақстан Республикасында орналасқан Съезд Хатшылығын құру мәселелері талқыланды.
І Съезде қаралған негізгі мәселелер – әр адамның діни сенім бостандығының болуы, діндердің ерекшеліктерін зорлықты қорғауға, жеккөрушілік пен қақтығыстарды ақтауға пайдаланбау, терроризмнің бастауы мен себептері дінге қатыссыз екені, өркениеттер келіссөзі – қақтығыстарды болдырмауға бағытталған жаһандану жағдайындағы ерекше маңызды үрдіс болатыны, адамгершілік және этикалық құндылықтарға негізделген өркениеттер қатынасының әмбебап формуласын жасау үшін жаһандық келісімге ұмтылу.
Съездге дайындық мәселесі маңызды кездесулер ұйымдастырудан басталды. 2003 жылдың ақпан-маусым айларында әлемдік дін көшбасшыларымен бірнеше екіжақты кездесулер өткізіліп, онда Съезд мәселелері талқыланды. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қасиетті Рим папасы Иоанн ІІ Павелмен, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы ІІ Алексиймен, Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Туркимен (Сауд Арабиясы), Израильдің Бас раввині Йона Мецгермен, Ватиканның Бас хатшысы кардинал Анджело Соданомен болған кездесулерін атап өтуге болды.
І Съезге даярлық барысында Конфессияаралық штаб Ватикан мемлекетінің Папа кеңесшілерімен, Дүниежүзілік ислам Лигасымен және өзге де діни орталықтармен белсенді түрде ынтымақтастық жұмыстарын жүргізді. Съезді дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары ыждаһаттылықпен әзірленіп бекітілді.
2003 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің қарсы алу сөзімен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің І Съезін ашып, ризашылығын білдірді.
Алғашқы Съезд жұмысына ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және индуизм дін өкілдерінен 17 делегация қатысты.
Дін көшбасшыларының 2003 жылы болған алғашқы Съезінде ел Президенті Н.Назарбаев: «Материалдық игілікпен мүлдем байланысты емес, адам үшін басым және негізгі болып қала беретін дау тудырмас құндылықтар бар. Олардың бастысы – руханият, имандылық. Олардың негізгі көзі әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерін, өзіндік тарихи әрі мәдени тәжірибесін сақтаушы дін болып табылады», – деген болатын.
Әрі қарай мемлекет басшысы өз сөзінде соңғы кезде қалыптасқан «өркениеттер қақтығысы», «діндер дағдарысы» сияқты пікірлерге ерекше көңіл аударды. Қиындықтарға тап болғанда, адамның жаратылысы діннен жауап іздеуге бейім екенін Президент атап айтты. Діннің адамдарды ізгі іс-әрекеттерге жұмылдыра алу қасиеті қазіргі заманда қажет емес мақсаттарға пайдаланып жатқандығына, мұндай кезде қасиеттілік санатының мәні мен табиғи болмысы бұзылатынына баса назар аударды. Осының барлығы кез келген діннің негізгі қағидаларынан ауытқып, адамгершілікпен, әділеттікпен, жанашырлықпен еш түйіспейтін ессіздікке соқтыратынын қадап айтты.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев әлем халықтарының мәдени, діни ерекшеліктерін идеологиялық және саяси мақсатта қолдануға болмайтын уақыттың жеткенін жария етіп,  қатысушыларға ой салатындай дәлелдер келтірді.
«Осыған дейін конфессиялар өкілдері осыншалық көп жиналған мұндай форум болған емес. Астанадағы сол кездесу өңірлік әрі әлемдік ауқымда діндер арасындағы жаһандық диалогқа, түрлі конференциялар форумдарына маңызды ұйытқы болды. Бүгін біз Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезін ашып отырмыз. Егер осыдан үш жыл бұрын біздің форумға 17 конфессиялық делегация қатысқан болса, қазіргі Съезге 29 делегация қатысып отыр. Бұл серпін назар аударуға тұрарлық және біздің форумның өскелең беделін білдіреді. Ол өзара түсіністік, қазіргі әлемде туындаған күрделі мәселелерге бірлесіп жауап іздеу жолымен біздің бірге жүріп келе жатқанымызды білдіреді», – деді Н.Назарбаев ІІ Съездің ашылуында.
"Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана" деген даналық сөз бар.
Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей, заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу – адамның өз міндеті.
Мінеки, біз бүгін осы жайында – адамзаттың бүгіні мен ертеңгі тағдыры туралы кең отырып кеңесуге жиналып отырмыз. Сонымен бірге бұл басқосу қазіргі дүниежүзілік саяси ахуалға, халықтар достығына игі ықпалын тигізеді деп сенемін»,– деген болатын Ұлт көшбасшысы ІІІ Съезде сөйлеген сөзінде.
11 қыркүйектегі сойқан лаңкестік әрекеттен кейін, әлемге «өркениеттер қақтығысы» дейтін қара бұлт төнгенде, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен шақырылған бұл форум 2006 жылы Таяу Шығыстағы ахуал шиеленісіп, Иракта соғыс жүріп жатқан күрделі уақытта да екінші Съезд арқылы жалғасын тапты. Үшінші Съезд әлемді шарпыған ең күшті қаржылық экономикалық дағдарыс қызып тұрған шақта өтті. Бүкіл әлем үшін бетбұрысты кезең болып есептелетін «әлемдік тәртіптің жаһандық трансформациясы басталған» уақытта Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші Съезі өтті. Осы Съездің алдында Дін көшбасшылары кеңесі құрылып, оның құрамына әлемнің жетекші конфессиялары – исламның, христанның, иудаизмнің, буддизмнің, индуизмнің, синтоизмнің, зороастризмнің өкілдері енгізілді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші Съезін ашарда сөйлеген сөзінде Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Қазіргі дүние жол айрығында тұр.
...Дін – руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі.
...Әлемнің ұлы ойшылдары дінді өнегелілік формуласы деп атайды», – деген тұжырымды ойлары арқылы діннің әлемдік деңгейдегі өлшеусіз ізгілігін игі мақсатқа пайдалануға шақырады.
2014 жылдың 17-18 қыркүйегі күндері Съезд Хатшылығы Жұмысшы тобының ХІІІ отырысы болып, онда 2015 жылы Астанада өтетін V Съезге байланысты барлық мәселелер қаралған болатын. Енді санаулы күндерден соң, яғни 10-11 маусым күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті V Съезі Астанада өткелі отыр.
Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы – ішкі және сыртқы қауіпсіздіктердің, бірлік пен татулықтың жемісі, бейбітшіліктен артық құндылық, тыныштықтан артық рахат болмайтынын әрбір саналы адам бағамдаса керек.
Қазақстан – әлем халықтарының да бейбітшілікте, келісіммен өмір сүргенін қалайды. Кез келген шынайы мәдениеттің наным-сенімге негізделетіні, наным-сенімнің түп қазығы дінге барып тірелетіні белгілі. Ал дін атаулының бейбітсүйгіштік, ізгілік қасиеттерге бағышталатын құндылығын игі мақсаттарға пайдалану – айтуға ауыз бармайтын нәубеттерден ғаламды құтқарып қалудың бірден-бір жолы.
УАҚЫТ атты төреші адамзаттан ғаламшардағы барлық мәдениеттер мен діндердің ізгілік жолындағы бір мақсатқа, дамыған әлемдік өркениетке бет бұруын талап етіп отыр.
«Өркениеттер тоғысы» шын мәніндегі өркениеттілікті, адами асыл қасиеттерді, демократияны жақтайтын діннің игі қағидаттарын халыққа жан-жақты түсіндіріп, адамзаттың рухани кемелденуін қажет етуде.
Баршаға ортақ «ЖЕР» атты алып мекенді сақтап қалу үшін келісім жасап, ортақ мәмілеге келу – бүкіл әлем алдындағы парасатты парыз.

 

Зайсан ауданында АНТ құрамы мүшелері қайта қаралып, құрамы өзгертілді. Топ жұмысының жүйелі түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында апта сайын аудиторияларда мақсатты түрде кездесулер өткізу жоспары жасалды.

Лекторлардың баяндамаларының мазмұндығына көңіл аударылып, әсіресе, өңірдегі діни ахуалмен, діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаларымен, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізгі талаптарымен таныстыру, ҚР экстремизм мен терроризммен күрес жөніндегі заңнама талаптарын атау, діни қызметкерлерге исламның ханафи мазхабының және православиелік христиандықтың пайда болу тарихы, негізгі қағидалары мен құндылықтары және олардың жалған ислам немесе жалған христиандық ағымдардан айырмашылықтарын баяндау туралы мәселелері енгізілді.

Барлық ауылдық округтегі мекемелер бірлесе отырып, дінге деген көзқарасты қалыптастыру ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, діни бірлестіктердің жұмысын жақсарту мақсатында ауылдық кітапхана, мәдениет үйі мен білім беру мекемелерімен діни бағыттағы шаралар ұйымдастырылып келеді.

Барлық ауылдық округтерде «Жастардың діни көзқарасын қалыптастырушы – ата-аналардың жауапкершілігі», «Діни ағымдардан оқушыларды сақтандыру», «Имандылық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 24 тармағына сәйкес, Зайсан ауданы бойынша 14 діни бірлестіктер, оның ішінде 13 мешіт, 1 православтық шіркеу тіркеуден және қайта тіркеуден өткен.

 

Парақтар өзгертілді: 22-08-2017