Зайсанның тарихы

Тарихи деректеме
Ауданның табиғат
Ауданның төлқұжаты
Карталар және сызбалар
Бос уақыт

Тарихи деректеме 

Сауыр тауын бойлай өтіп, оның  етегінде «Кішкене тау» сайлары арқылы Зайсан ойпатына құлай ағатын көп өзендердің бірі «Жеменей» деп аталды. Осы ну орманды Жеменейдің жоғары саласында 1830-1840 жылдары қазіргі Зайсан қаласының алғашқы іргетасы қаланыпты. Ол алғашқы кезде «Джеменейка» деп аталған. 1830 жылдар шамасында географ-геодезист Маяковский Ертістің Шығыс тұсында пост (күзет орны) орнатуға ұрымтал да қолайлы мекенді белгілеу үшін зерттеуге келеді. Оны Базарка бекетінен руы Таукен Серменұлы Сырымбай бастап келеді.

Тарихи деректеме 
Тарихи деректеме 

«Джеменейка» ұлғайып, көлемді елді мекенге айналды. 1860 жылдан бастап, қала тұрғындарының шаруашылық өмірі Зайсан көлі, Ертіс су жолымен байланысты болды. Сонымен бірге Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен қалаларынан Зайсанға ағылған жолаушылар бұл өңірді «Зайсан» деп атады.

Қаланың Зайсан аталуы 1864-1868 жылдар аралығы, ресми мұрағат деректерінде осы екі аралық көбірек кездеседі. 1903 жылы Санкт-Петербургтен А.Ф.Дербиен баспаханасынан шыққан географиялық энциклопедияның 18 томында «Зайсан қаласының іргетасы 1868 жылдары қазіргі уезд жерінің көп бөлігі Россияға қараған кезде салынды»,-деп көрсетілген. Ал 1864 жылы Зайсан қаласына станица аталған яғни патша үкіметі Л.Ф.Баков деген инфантерия генерал-майоры бастаған әскери құрамаға қамал салу  тапсырысымен мұнда бекініс болып көтерген. Қазақ даласынан Қытай, Тибет, Синзянға жүн, тері, мал, ағаш тағы басқа да шикізат, ал ол жақтан мата, киім-кешек, қол өнер бұйымдары Зайсан кедені арқылы өткендіктен маңызы арта түсті.

1870-1880 жылдар аралығында қалада 2663 орыс, 122 қазақ тұрған, 1900 жылдары 4 мың  қазақ мекендеді. Халық егіншілік, мал өсірумен бірге бау-бақша, жеміс өсірумен шұғылданды.

Тарихи деректеме Округтік приказдар губернияға айналып, уездер құрылған кезде 1875 жылы Зайсан уезі құрылып, Зайсан посты уездің саяси-әкімшілік орталығына айналған. Қалада уездік басқарма, таможня, казначейство, почта- телеграф, орман-тоғай ісі мекемелері жұмыс істеген. 1880 жылы Семей қаласымен байланыстыратын телеграф линиясы тартылды.

Зайсан постын екіге бөліп ағатын, Жеменей өзенінің шығыс жағасында үлкен көшеден тұратын Казачье слабодасы болды, ал өзеннің батыс жағасында 3-4 көшеден тұратын слабодада  бастауыш азиаттық мектеп, ағаштан салынған шіркеу үйі, приставство басқармасының үйі, сауда алаңы, шикі кірпіштен салынған 110 және ағаштан салынған 7 тұрғын үй бар,-деп жазды Потанин.

Ішкі-сыртқы сауда қатынасына қолайлы «Зайсан» қаласы тез ұлғайып, Батыс Қытай, Монғолиямен алыс-беріс саудасы күшейген. Жыл сайын мамыр айында өтетін Никольский жәрмеңкесі сауда шеңберін кеңейте түскен. Жергілікті маңызы бар сабын, сыра, қайнататын, кірпіш өртейтін, былғары илеп, жүн жуатын заводтар сияқты кәсіорындар ашылып, көбейе түседі. Ен байлық, арзан шикізат қоры өлкесіне көз тіккен саудагер-купецтер Зайсан қаласына шұбырып, келіп жатты.

ХІХ-ғасырдың аяғында Зайсан купецтердің қаласы ретінде танылды. Купецтермен чиновниктердің балалары үшін, бұрынғы азиаттық бастауыш ұлдар мектебінің үстіне 1883 жылы бастауыш қыздар училищесі жұмыс істеді. 1896 жылы 26 наурызда алғашқы кітапхана ашылды.

1886 жылы Семей мен Зайсан арасын байланыстыратын телеграф іске қосылды.Облыс орталығы мен уезд орталығын байланыстыратын 600 шақырымдық жол бойындағы бекеттердің жұмыстары тәртіпке келтірілді.

Революцияға дейін Зайсанда қалалық жиын және киноматография  болған, онда әскери урлемелі оркестр ойнап, концерт қойылған.Қалал жины бай таптың өкілдерінен тұрды, киноматорграф жеке болды, оны қаланың буфетчигі А.Сорокин ұстады.

Зайсанда, өзбек, татар, т.б ұлттар тұрды. Олар негізінен саудамен айналысты. Қаланың басшысы қала старостасы болды. Қаланы көбінесе қолөнершілер де ұсталарда болды.

Зайсан уездегі көп ұлтты орталықтың бірі болды. Онда орыс, қазақ, татар, өзбек, түркімен қырғыз, қытай  т.б ұлт өкілдері тұрды.

Семей губерниясына қарасты Зайсан уезінің орталығы болған Зайсан қаласында 2 шіркеу, 2 мешіт болған. Уезде ол кездегі 6 аудан біріктіріліп, барлығы 17 болысқа жіктеліп басқарылған. Уезде 12 мектеп ашылып, онда 350 балаға 17 мұғалім сабақ берді. 1896 жылы қалада 7 орындық аурухана ашылды. Онда екі дәрігер болды.А.С.Хохлов, Титов, Собачкин сияқты кәсіпкерлер шахта ашып, Кендірлік көмір өндіруді жолға қойды. 1880-1890 жылдары қаланың ірі мәдени орталыққа айналуы, оның сәулет өнерінен де көрінді. Баязит Сатпаевтің архитектура үлгісі мен күйген кірпіштен салынған бай-купецтердің дүкені мен үйлері қатар түзейді.

Ірі мәдениет орталығы болған қалада атақты ақындар Павел Васильев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әсет Найманбайұлы, Ноғайбаев ақын еңбек еткен. Михаэлис Кендірлік көмірінің сапасын, көлемін зерттеп бағамдаған. Н.Бухман күн батареясын ойлап тауып, осы қалада іске қосқан Коншин, Ватсон, Томашевский, худыковский т.б ондаған жер аударылғандар өлке мәдениетін дамуын үлес қосты.

Қалада екі үлкен тері өңдеу зауыты болды. Фунтиковтың кірпіш зауыты жұмыс істеді, Жеменейдің бойындағы үш диірмен қала халқын ұнмен қамтамасыз етіп тұрған. Дображанскийдің сыра зауыты бовар сырасымен уезді ғана қамтып қоймай, шетке экспортқа шығару дәрежесінде көтерілді. Қалада екі ірі сабын қайнататын зауыт және Зайсанға басқа жақтан әкелінген темір рудасын өңдеп, Қытай мен Тибет, Монғолияға экспортқа темір шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрды. Сорокиннің кинозалы жұртшылыққа фильмдер көрсетіп, елді жалпы әлемдік мәдени өмірден хабардар етіп отырды. Елден жиналған жүннен пима басатын Асташевтің зауыты үлкен маңызға ие болды.

1926 жылы Зайсанда қалалық кеңес құрылды.

1928 жылы күзде ВКП (б) Қазақстан Орталық Комитетінің атқару комитетінің шешімімен Республикада уездер таратылып, олардың орнына аудандар құрылды. Зайсан уезі:Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Көкпекті, Қызылтас /Ақсуат/ аудандарына жіктелді. Зайсан ауданы ВЦИК-тің указымен 1928 жылы қыркүйектің 3-ші жұлдызында құрылды. Ауданның қазіргі территориясында шамамен бұрынғы уездің үш болысы Маңырақ, Қара-Ертіс, Кендірлік жатады. Зайсан ауданы 1939 жылға дейін Семейге осы жылдан бастап, жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан облысына қарады.

Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай – ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады.

1993 жылы Қалалық Кеңес таратылып, «Зайсан қала әкімі Мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.
«Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелдеген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Зайсан өңірінде де халықтың құрметіне, қошаметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен. Мәселен, күркіреп күндей өткен соғыс кездері.

Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды, 238 госпитальда жарадан өлді, 1339-ы хабар – ошарсыз кетті., 175 адам әр түрлі аурудан қайтыс болды, 3 адам неміс тұтқынында каза болған. Басқалары жараланып, мүгедектікке душар болып, аман – есен туған елге оралды. Қазір қалада қалған соғыс ардагерлері 29.

Зайсан ауданың таңымал тұмарлары -
Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды.

Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Сондай-ақ, Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабороториясында қызмет істеген, ақын Павел Васильевтің есімі орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Маяковскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гүлнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сұлуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған.

Ауданымыздың ардагері Байғанбек Құдабаев пен Майшекер Қорабаева Қазақстанның «Құрмет» орденімен награтталған. Мыңнан астам күрделі операция жасаған марқұм Халел Қалимолдин Еңбек Қызыл Ту орденімен ардақталған.

Ауданның рухани өмірінде өзіндік орны бар - айтыс өнерінің таланттарының ішінде: Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Меделхан Хасенова, бүгінде Павлодардың бас ақыны болып жүрген жерлесіміз Серік Қосанбаев. Ауданда орталық мәдениет үйі, кітапхана қалыпты жұмыс істеуде. Зайсан халық театры, «Айнакөл» ансамблі, «Ақ әже» топтары, Дайыр, Қаратал, Сарытерек, Қарабұлақ, Кеңсай өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен сусындатуда. Зайсан өңірінде дене – шынықтыру мен спорт салалары өте қарқынды дамуда. Мәселен, жерлестеріміздің ішінде: қол тірестен Азия чемпионы Ермат Ермекбаев, Европа чемпионы Қасымжанов Нұрлан сияқтылар ауданымыздың мақтанышы.

 

Парақтар өзгертілді: 28-08-2012