Әлеуметтік сала

  Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту туралы *.ppt 1.4 MB
  Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі  
  Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы  
  Миграция  
  Дипломмен ауылға  
  Әлеуметтік көмек  
  «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы  
  Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары конкурсы *.zip 3 MB

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды» енгізу бойынша және жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырудың кешенді жоспарының орындалуы мақсатында жүргізілген жұмыстар

Зайсан ауданы  бойынша 2016 жылдың 03  қазанында аудан әкімінің № 1-40 Ө өкімімен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі аудандық штаб құрылды. Штаб қызметін ұйымдастыру алгоритмі мыналарды қамтиды:

  1. Өңірлерде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  2. Тұрғындарды жүйеге тарту бойынша жұмыстар:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары;
Зейнетақымен қамтамасыз ету жұмыстары;
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және өнімді жұмыспен қамту жұмыстары.
Штаб мүшелері аудан бойынша қала және барлық ауылдық округтерді аралап, «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды» енгізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр. Апта сайын штаб отырысы өткізіліп отыр. 2017 жылы жиыны 77 штаб отырысы өткізілсе, 2018 жылдың басынан 23 штаб отырысы өткізіліп, жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Аудандық «Достық» газетіне міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды» енгізу туралы ( 2017 жылдың 16 тамызында № 62, 2017 жылдың 01 шілдесінде №50, 2018 жылдың 5 мамырында №33-34) ақпарат берілді.
«Кешенді жоспар» бойынша 2018 жылы 2121 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 01 мамырына 533 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылып, жоспар 25 %-ға орындалды. Оның ішінде:
«Агро өнеркәсіптік комплекс дамуының 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» (Государственная программа развития «АПК РК на 2017-2021 годы») аясында 2, «Өңірлерды дамыту» бағдарламасы аясында 1 жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 адам несиемен қамтылып, өз кәсібін ашады деп жоспарлануда.
«Аумақтық даму» бағдарламасы аясында 474 адам қоғамдық жұмыстарға қатысады деп жоспарланған, мамыр айының 1-не 148 адам  жұмыспен қамтылып,  жоспар 31,2 %- ға орындалды.
Бағдарлама аясында жастар практикасына 10 жас маман қатысады деп жоспарланса, 10 адам кәсіптік оқуға жіберіледі деп жоспарланып отыр.
Жеке бастамамен жұмысқа тұрғандар саны 718- ді құрайды деп жоспарланған. Жыл басынан 168 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 23,4  %- ға орындалды.
«ҚР бойынша 2020 ж дейін қызмет көрсету саласынының дамуы» бағдарламасы аясында 191 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге 46 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 24  %-ға орындалды.
Өзге бағдарламалар бойынша жұмысқа тұрғандар саны 94 -ті құрайды деп жоспарланған, 7 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 7 %- ға орындалып отыр.  
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастар практикасына 19 жас маман жұмысқа жолданып, жоспар 127 %- ға орындалды.
Үшінші бағыттың бірінші компоненті бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адам жұмысқа жолдандып, жоспар 110 % орындалды.
Бағдарламаның бірінші бағыты негізінде қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру қағидалары бойынша өтініш беруші үміткерлердің тізімі бекітіліп, Зайсан технология колледжіне 25 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданып, жоспар 63 %-ға орындалды. 15 адам адам шілде айынан және техникалық және кәсіби оқытуға тамыз айынан 35 адам оқуға жіберіледі деп жоспарлануда.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 48 адам сәуір айынан оқуға жіберіліп, жоспар 21,8 %-ға орындалды.
Бағдарлама аясында 37 адам шағын несиемен және 14 адам 100 ЕАК-ға дейінгі грантпен қамтылады деп жоспарлануда.

Зайсан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Ж.Қинашева

Парақтар өзгертілді: 12-06-2018