Әлеуметтік сала

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының 2018 жылдың 01 шілде айына орындалуы

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамассыз ету мақсатында 40 адам жоспарланған, есепті кезеңде Зайсан технология колледжіне 12 тракторист және 13 аспаз мамандықтары бойынша барлығы 25 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді. Игерілген қаржы 2833,0 мың теңге.
2018 жылдың 01 маусым айынан бастап 15 адам компьютерлік сауаттылық курсына оқытуға жолданып, оқуларын толық аяқтады.

Екінші бағыт бойынша
жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінен 180 адам оқытылу жоспарланған,  2018 жылдың 16 сәуір айынан бастап 1 кезең арқылы 48 адам оқытуға жолданған, барлық қатысушы сертификаттар алды. 2 кезең бойынша 2018 жылдың 28 мамыр айында басталған оқуға 41 адам жолдандып, оқуларын аяқтады.
Зайсан ауданына шағын несиеге 206 760,0 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы бойынша 102 336,0 мың теңге, «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-ы арқылы 104 424,0 мың теңге.
Ауыл шаруашылығының қаржылай қолдау қорына 20 азаматтың құжаты жолданған, оның 11 қарастырылуда, 9 адам несие қаражатын алған.
Аграрлық кредиттік корпорация арқылы 12 адамнан өтініш келіп түсіп, 11 азаматтардың жобалары мақұлданып, 1 адам 3 млн. 850 мың теңге несие қаражатын алған.

Үшінші бағыттың бірінші компоненті бойынша
әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 20 адам жолдау жоспарланған, 24 адам қатысып, жоспар 115 %- ға орындалды, игерілген қаржы 2831,0 мың теңге. Облыстық бюджеттен 10 адам жолдау жоспарланған, 10 адам қатысып, жоспар 100 %- ға орындалды, игерілген қаржы 282,0. Жастар практикасына республикалық бюджеттен 15 адам жоспарланған, 15 жас маман жіберіліп, жоспар 100 %-ға орындалды, игерілген қаржы 3429,0 мың теңге. Облыстық бюджеттен 5 адам жоспарланған, 5 жас маман жіберіліп, жоспар  100%-ға орындалды, игерілген қаржы 903,0 мың теңге.

Үшінші бағыттың екінші компоненті
бойынша ағымдағы жылы Зайсан ауданына қоныстанатын оралмандармен жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанатын азаматтарға барлығы 50 отбасы құрамында 164 адамы бар азаматтарға көшу шығынын өтеуге барлығы 13 762,0 мың теңге қаражаты бөлініп, қазан айында игеру жоспарланған. Сәуір айында өңірлік комиссиядан өткен 23 оралман отбасының 68 мүшесіне маусым айында 5724,0 мың теңге қаржы төленді. Сонымен қатар қоныстануы жоспарланған азаматтарға тұрғын үйді жалдау немесе коммуналдық шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен 10 823,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 25 253,0 мың теңге қаражат бөлініп, қараша-қазан айында игеру жоспарланған. Бағдарлама аясында бүгінгі күні жұмыстар жалғастырылуда.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 474 адам жоспарланған, 302 адам қатысып, жоспар 64 % ға орындалды. Игерілген қаржы  16371,0 мың теңге.

 

 

Парақтар өзгертілді: 03-07-2018